Марк Твеннің қанатты сөздері

Марк Твен (ағылш. Mark Twain, нағыз есімі Сэ́мюэл Лэ́нгхорн Кле́менс, Samuel Langhorne Clemens) әйгілі американ жазушысы. Оның шығармашылығы көптеген жанрларды (проза, философиялық фантастика, сатира, публицистика, т.б.) қамтиды. Тағы бір америкалық белгілі жазушы Уильям Фолкнер Твен туралы: "Ол ең алғашқы нағыз америкалық жазушы болды, біз бәріміз оның мұрагерлеріміз" десе, Эрнест Хэмингуэй қазіргі америка әдебиеті Марк Твеннің "Гекльберри Финнің бастан кешкендері" атты бір кітабынан шыққан деген еді. Олай болса, қаламгердің қанатты сөздерімен таныс болыңыздар!

***

Нағыз дос сен қателік жіберген кезде де жаныңнан табылады. Ал сен дұрыс жүрсең, бәрі сенімен бірге. 

***

Мейірімді болу - ұлы іс. Ал өз жақсылығын жұртшылыққа айтпай, құпия сақтаған адам одан да ұлы. 

***

Билегенде, саған ешкім қарап тұрмағандай биле. Ән айтсаң, ешкім естіп тұрмағандай айт. Жақсы көрсең, сенің ешкім көңіліңді қалдырмағандай жақсы көр және бұл өмірде өзіңді жұмақта жүргендей сезін. 

***

Әрқашан шындықты айт, сонда артық ештеңені есте сақтап жүрудің қажеті жоқ. 

***

Егер сіз даладан ит тауып алсаңыз оны тамақтандырыңыз, ол сізді ешқашан қауып алмайды. Адам мен иттің айырмашылығы осында. 

***

Жақсылық — бұл, кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі. 

***

Бақыт әркімнің есігін өмірде бір рет міндетті түрде қағады, бірақ адам көрші қабатта қажетсіз жұмыспен айналысып, оның даусын естімей қалуы мүмкін. 

***

Егер достық бітсе, ол болмаған деген сөз. 

***

Ақымақтарға алғыс айтайық. Олар болмағанда, басқаларға жетістікке жету қиын болар еді. 

***

Батылдық - қорқыныштың жоқтығы емес, ол өз бойыңыздаңы қорқынышты өзіңіз басқару, соны ақылмен шешу.