- Негізгі бет
- Көкжиек
- Махаббат және қастандық...
Махаббат және қастандық
Ол орда бұзар жастан өткен қалталы, табысқа жеткен, келбетті жігіт болса да, әлі үйленбеген еді. Тек бір жолғы кешкі қонағасыдан бастап ғашық болудың не екенін түсінді. Бұл қонағасыда сұлу да сырлы бір бойжеткен өзіне қатты баурады.
Орайы келгенде әлгі қызбен танысты. Әлдебір серіктестікте хатшы болып жұмыс жасайды екен. Екеуі тым жақсы әңгімелесті. Кеш аяқталған соң бойжеткенді үйіне жеткізіп қойғанымен, шай ішіп қайтуға шақырмағаны көңілін жабырқатты.
Күн өткен сайын олардың кездесуі жиілей берді. Көңіліндегі періштесін жолықтырғанына дән риза, шырын күндер аялсыз өтіп жатты. Шын сүйген, сүйіскен күндердің ләззаты оларды махаббат торына шырмай берді.
Бір күні бойжеткен көз жасын төге отырып жігітке өзінің үйленгенін, күйеуі бар екенін айтып, кешірім сұрады.
Ол үнсіз қалпы қаққан қазықтай тұрып қалды, бойжеткен жылаған қалпы шығып кетті.
Қанша қатты азаптанған сайын, көз алдынан сол арудың елесі кетпейтін. Оны жек көру түгілі, қол жеткізе алмаған өкініші жүрегін от жалындай күйдіретін.
Ол ақыры шешім жасады. Бір кәнігі жендет жалдап оның күйеуін өлтіру бекіміне келді. Жендетке ешкімге білдірмеуді, ешкімнің байқап қалмауын қайта-қайта қадағалай табыстап, шығарып салды. Сол күні түнде оның әбден мазасы қашты. Үй ішін арлы-берлі кезіп жүріп, жендеттен келер хабарды күтумен болды. Ақыры күткен телефон шырылдап қоя берді:
- Алло?
- Мырза, тапсырмаңыз орындалды.
- Бәрекелді. Бәрі ойдағыдай ма?
- Солай. Бірақ...
- Не «Бірақ»?, дауысы тым қатал шықты.
- Есіктен шыға бергенімде біреу байқап қалды.
- Есуас! Мен саған не айттым...
- Алаңдамаңыз, мырзам, ол оның әйелі екен. Оны да жаһаннамға жібердім!..
Дайындаған: Қайсар Қауымбекұлы
Сурет: baidu.com
Қ. Қауымбек