Қазақ халқының қай жазушысы да әлемнің "мен" деген жазушыларымен иық тіресердей дәрежеде десек қателеспейміз. Солардың бірі әм бірегейі – Ілияс Есенберлин. Оның "Көшпенділер" трилогиясын оқымаған қазақ кемде-кем. «Ғашықтар» (1968), «Алтын құс» (1971), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) романдары да қалың оқырманның назарын аударған шоқтығы биік шығармалар. Ұлы Отан соғысына қатысқан жазушының қанатты сөздерімен таныс болыңыздар!
***
Бір сүйген адамыңды мәңгі сүйіп өтуге болады. Бұл махаббаттың күшінен ғана емес, адамның мінез-құлқының тұрақтылығымен байланысты. Тұрақты адамның махаббаты да тұрақты.
***
Адамның көңілін жеңілдетер, жанын жібітер махаббаттан артық күш жоқ. Қызды сүйген жігіт қандай азапқа болса да көнуге бар, ал баласын жақсы көрген ана баласы үшін жан қиюдан тайынбайды. Бұл – табиғат заңы. Махаббатты осындай құдіретті етіп, дүниедегі ең ұлы күш – жаратылыстың өзі жаратқан. Сондықтан да, махаббаттың алдында кім болса да әлсіз, амалсыз.
***
Ауыздан шыққан суық сөз жүрекке жеткенше мұзға айналады.
***
Махаббат деген қасиетті күш. Дүниеде махаббат болмаса, адам баласы қуаныш пен қайғының, бақыт пен бақытсыздықтың не екенін білмей өтер еді.
***
Тұрақты адамның махаббаты да тұрақты.
***
Қызғаныш - таза мөлдір сезім.
***
Шын махаббат бар да, махаббатпен ойнау бар. Шын жақсы көру – өмір бақи сәулесін, сұлулығын жоғалтпайтын гауһар тас. Кімде-кім шын сүйсе, өз сезімін қадірлейді, өйткені оның ләззаты ыстық жүректен туған. Ал жүректі ауыстыра алмайсың.