Әдебиетте липограмма деген тәсіл бар. Бұл тәсіл – шығармаға бір әріпті тұтастай пайдаланбағанда ғана жүзеге асады. Бір шетінен жазушы өзінің шеберлігін сынау үшін де осындай тәсілдерге барып жатады.
Липограмма стилінде жазылған алғашқы шығармалар VI ғасырда-ақ пайда болған. Көне грек ақыны әрі музыка өнерінің көрнекті тұлғасы болған Лас Гермионский Деметра құдайына арнап ода жазғанда «сигма» таңбасын мүлде қолданбаған. Одан кейінгі аралықта бұл тәсілді талай жазушылар пайдаланғанмен, липограмма тәсілінде жазылған алғашқы көлемді роман 1969 жылы жарыққа шықты.
Француз жазушысы Жорж Перек 300 беттік «Жоғалу» ("La disparition") атты романында бірде-бір «е» әріпін қолданбаған. Ол достарымен бір әріп бір шығарма бойында мүлде кездеспейтін роман жазамын деп бәстесіп, жазып шыққан. Сол кездегі әдебиет өкілдері Жорж Перектің романына жоғары баға берді. Себебі, француз тілінде «е» ең көп қолданылатын әріптердің бірі. Сондай-ақ, жазушы ең көп қолданылатын «le» артиклін де пайдаланбаған.
Тіпті, аудармасы да қағидадан еш ауытқымай, «е» әрпінсіз ағылшын, неміс, итальян тілдеріне аударылады. Ал 2005 жылы роман Валерия Кислованың аудармасымен орыс тілінде жарық көрген. Бұл нұсқада "о" әрібі мүлдем кездеспейді екен. Орыс тілінде осы бір әріп ең көп қолданысқа ие болып шығыпты.