Ол – авторлық құқықтан бас тартып, үкіметтік жүйеге қарсы шыққан тұңғыш жазушы. Ол ақшаны су қаны сүймей, Нобель сыйлығынан бас тартып, кедейлер жағына шыққан тұлға. Сөз арқауы – орыс әдебиетінің классик жазушысы Лев Толстой жайында.
Өзінің дәрістерінің бірінде Владимир Набоков төмендегідей тәсіл қолданыпты. Дәріс тыңдаушылар отырған залдың барлық есік- терезесін жауып, жарықтарын сөндіріп, көрдей қараңғы етеді. Кенет, залдың соңғы жағында орналасқан лампаны қосып: «Бұл орыс әдебиетіне түскен Гогольдің жарығы» дейді жазушы.Содан соң, тағы да бір шамды жағып: «Бұл – Чехов», соңғы лампаны қосып: «Бұл – Достоевский» дейді. Кейін, есік- терезені ашып, бөлме ішін самаладай жарық еткен Набоков «Ал, енді мынау – Толстой» деген екен.
Лев Николаевич бүгінгі күнге 165 000 парақ қолжазбасын, толық шығармашылығы 90 том құрайтын еңбегі мен 10 000 хатын болашақ оқырмандарына мұраға тастап кетті. Бүкіл ғұмырында «Ізгілік» деген бір ауыз сөздің астарынан өмірдің мәні мен жалпыға ортақ бақытты іздеп өтті.
Орыс әдебиетінің генийі жас кезінде құмар ойынмен айналысты. Бірде, көршісі Гороховпен карта ойынында Лев Толстой Ясная Полянадағы өз атынағы мұрагерлік үйді бәске тігіп, ұтылып қалады. Көршісі үйді иемденген соң, өзі туып-өскен, балалық шағы өткен үйді Толстой кейін белгілі себептермен қайтарып алмайды.
Лев Толстой болашақ жары Софья Берспен 17 жасында танысады. Ал ол кезде жазушыға 34 жас еді. Олар бірге 48 жыл тұрып, 13 баланы дүниеге әкеледі. Софья Андреевна Толстойға тек қана әйел емес, сырлас дос, әдебиетіне қамқоршы да бола алды. Бірақ, алғашқы 20 жылда олар бақытты болды. Кейін жиі ұрсысып қала берді.
Ұлы жазушы Лев Николаевич Толстой Үндістанға және оның халқының философиялық ойлары мен ежелгі дәстүр-мұраларына аса қызуғышылық танытқан. Күш көрсетуге қарсы Толстойдың ойлары баяндалған «Құдай патшалығы өз ішіңізде» еңбегі ұлт-азаттық көтеріліс қайраткері Махатма Гандидің көзіне ілікті.
Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы алғашында «1805 жыл» атымен жарық көрді, кейін «Егер жақсы аяқталса, барлығы да жақсы» және «Үш кезең» деп аталды. Зерттеушілер мен көзі тірі куәгерлердің айтуынша, аталмыш роман 8 рет қайта жазылған. 1857 және 1860-1861 жылдары батысеуропа әдебиетінің үлгілерін үйрену үшін әрі қызығушылығымен Толстой шет елде екі рет болған. Елге келген соң орыстардың білім беруі, оның ішінде кедей балаларына беріп жатырған білім жүйесі түбірімен қате екенін айтады.Содан соң әдебиетті тастап, кедей балаларын Ясная Полянада оқыта бастайды. Содан соң, ғылым-білім аясындағы теориялары мен әдістемелерін педагогикалық журнал арқылы жарыққа шығарып отырған. Толстой, сонымен қатар, «Әліппе», «Жаңа әліппе», «Оқуға арналған кітап» дейтін бүгінгі дейінгі барлық орыс балаларының қолынан өткен кітаптардың авторы.
Толстой Чехов, Горькийлермен араласты және Тургеневпен де таныс болды. Бірақ дуэлге дейін әкеле жаздаған араларындағы ұрыстан кейін бір-бірімен біраз жыл сөйлеспеген деген де деректер бар. М.Горький Толстой туралы: "Ол Чеховты оның туған əкесінше жақсы көреді жəне бұл сүйіспеншілігінен атаның балаға деген мақтанышы сезіліп тұрады" деген.
Орыс тілінен аударған: Еділбек Дүйсенов