Әлемде талай қызық бар. Дүние құбылып, заман дамыған сайын адамзат баласы жаңалық ашуға тынымсыз талпыныс жасауда. Ең кішкентай кітаптың қандай болатынын елестетіп көрдіңіз бе? Атақты Торраn Printing Co. Ltd жапониялық баспа компаниясы микроминиатюралық кітаптар шығарумен айналысады. Жылдың басында бұл компания "Əр маусымға тəн гүлдер"/ "Shiki no Kusabana" микро-кітабын басып шығарды.
Кітаптың əр беті 0,75 × 0,75 миллиметр көлемді құрайтындығымен əлемдегі ең кішкентай кітап атағын иеленді. Дəл қазіргі уақытта "Shiki no Kusabana" кітабы Токиодағы Торреn баспа компаниясының мұражайында тұр. Кітапты лупа арқылы немесе 29 400 жапон йені (300 доллар) ақысымен үлкен көлемдегі көшірмесі арқылы көруге болады.
22 беттен тұратын кітапта тек ақ-қара түстер арқылы Жапонияда өсетін гүлдер, өсімдіктер берілген.
Бүгінгі таңда Toppan Printing компаниясы осы кітапты "Əлемдегі ең кішкентай кітап" ретінде "Гиннес Рекордтар кітабына" енгізуге жұмыстанып жатыр.