- Негізгі бет
- Көкжиек
- Қызықты қысқа әңгімелер...
Қызықты қысқа әңгімелер
Назарларыңызға кездейсоқ заңдылықтар мен шабыттандыратын ерліктер, өмірдің мәні жайлы қысқа да қызықты оқиғаларды ұсынамыз.
"Times" газетіне хат, 1915 жыл, ақпан
Мен Сыртқы істер министрлігінің төлқұжат бөлімінің өзіндік бір жұмыс істеу әдістері жайлы айтқым келеді. Төлқұжатты толтыруға арналған арнайы анкетада мен өзімнің бет-әлпетімді «ақылды» деп сипаттаған болатынмын. Және әрине мен төлқұжат алу кезінде дәл осы сипаттаманы көруге үміттенген де едім, бірақ оның орнына мен танымайтын шенеунік «сопақ» деген сөзді жазып қойыпты.
Ізгі ниетпен:
Бассет Дигби.
Алма бөлігі
Рональд Уэйн - Apple Computer негізін қалаушы үш адамның бірі. Уэйн компанияның бірінші логотипін жасап шыққан және Apple-ге бірінші нұсқауды жазып шығыпты. 1976 жылы Уэйн Apple-дегі он пайыздық үлесін небәрі 800 долларға сатып жіберіпті. Бүгінде ол шамамен 35 миллиард тұратын еді. Қазір Уэйн зейнеткер. Ол ештеңеге өкінбейтінін айтады.
Әйел үлесі
Аңыз бойынша журналист болып жұмыс істеген Габриэль Гарсия Маркес 32 жасқа келген кезде, үстелге отырып: «Жетер. Енді ешқандай жұмысқа да, азық-түлік алуға да бармаймын. Роман жазып болмайынша, үстелден тұрмаймын» депті. Сонда әйелі мен баласы «Ал біз ше?» сұрақ қойған екен. «Өздерің біліңдер» деген екен сонда Маркес. «Полковникке ешкім жазбайды» (Полковнику никто не пишет) атты әңгімеде дәл осындай жағдайда кейіпкер: «Ал біз немен тамақтанамыз?» деп сұраған жарына: «Боқ» деп жауап береді. Маркестің әйелі дауласпай бір жыл ма, екі жыл ма, өзі жұмыс істеп, өзі азық-түлікке барып жүріпті. Осылай «Жүзжылдық жалғыздық» романы дүниеге келген екен.
Есту
Энтони Смит есімді азамат есту қабілетіне байланысты біршама қиындыққа кезігіпті. Және күндердің бір күнінде ол өзінің есту аппаратын киюден бас тартқан, себебі «суперкейіпкерлер есту аппараттарын кимейді». Нәтижесінде аталған азаматтың анасы Өрмекші адам, Халк, Капитан Америка, Икс адамдар... жайлы комикстер шығаратын Marvel Comics компаниясына хат жазып, бір нәрсе ойлап табуды сұрапты. Қазір 80 пайызға есту қабілетінен айырылған және есту аппаратын киіп жүретін Сұңқар көз (Hawkeye) суперкейіпкері жайлы серия жарыққа шыққан.
Әндер
Бірнеше жыл бұрын NY Times жалғыз кит жайлы мақала жариялады. Китті 1992 жылдан бастап бақылап келген. Оның ешқашан жұбы болмапты. Ол бірде-бір рет кит топтарына қосылмапты. Оның себебі: әдетте киттер өз әндерін 12-ден 25 Гц-ке дейінгі жиілікте шырқайды, ал жалғыз кит белгісіз бір себептерге байланысты 52 Гц жилігінде әндетеді екен. Соның салдарынан оны киттердің ешқайсысы естімейді.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: smysly.ru
Ж. FM