2013 жылдың қараша айында қытайда ғаламтор әдебиеті университеті ашылды. Университеттің тұңғыш ректорлығына 2012 жылғы Нобель әдебиет сыйлығының лауреаты Мо Ян тағайындалды.
Естеріңізде болса осыдан аз күн бұрын «Интернет әдебиетіне елеусіз қарауға болмайды» деген тақырыпта Мо Янның мақаласын жариялаған болатынбыз. Пекин қаласында бой көтерген университет Қытай жазушылар одағының қарамағында болмақ. Ғаламтордағы қытай әдебиетінің көп салалы, мол қатпарлы қырларын жаңа қырынан танытатын бұл әдеби оқу орыны қытайдағы ғаламтор қаламгерлеріне тегін оқу жүйесін ұсынып отыр. Университет парақшасындағы ресми мәліметтерге сүйенсек оқыту үрдісі ұқсамаған деңгейде атқарылады екен. Бірінші деңгейі жастар институты, яни, 21 жастан төменгі (U21) жастар мен өспірімдерге арналған, екінші деңгейі таңдаулылар институты, үшінші деңгейі жасампаздық зертханасы. Ғаламторда қалам тартып жүрген жас талаптың бұл жерден алатын тәлім-тәрбиесі мол және оқырманға олқы дүние бермеудің жан-жақты қамы жасалған.
Мо Ян университеттің ашылу рәсімінде: «Өз дәуірінде ғаламтор әдебиеті бізге бейтаныс әлем еді, тіпті менің ішкі әлемімде қайшылықты көзқарастың да болғаны шындық. Он неше жылдың алдында ғаламтор әдебиеті жаңа өркендеп, қанат жайған тұста, біз іштей бұл жаңа толқынмен қарым-қатынасқа түсуге дайын емес едік. Ал, ғаламтор мен компьютер бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігіне ендей кірген тұста, мен өмір бойы осы дүниенің алдына жоламаспын деп қасарысқан кездерім де болған. Бірақ, бұл қасарысуым ұзаққа барған жоқ, шындық мені өзгертті, мен қазір компьютерді қолданамын, ғаламторға шығамын, ғаламтордағы әдеби кеңістікке өз үнімді қосамын, әрі, жаңадан құрылып жатқан ғаламтор университетінің басшысы қызметін де қабыл алдым. Шындық кей кезде адамның көптеген ойларын өзгертеді, тіпті адам өміріне деген көзқарастарға да әсер етеді. Бүгінгі таңда ғаламтор әдебиеті біз көз жұмуға болмайтын өміршеңдікке ие» деді. Қытай сыншыларының пікірінше қазіргі қытай әдебиетіне баға берерде қытай ғаламтор әдебиетін айналып өту мүмкін емес. Ғаламтор әдебиетіне көңіл бөлу үшін, ғаламтор жазушыларына көңіл бөлу керек.
Мо Ян тағы бір сөзінде: «Ғаламтор әдебиеті мен дәстүрлі әдебиет ортасында кірбеңдіктің бар екені рас, дәстүрлі әдебиет өкілдерінің шығармалары байсалды, уақыт ағымына қарсы жүзе алатын шығармалар болса, ал ғаламтор әдебиетінің туындыларын бұлай дей алмаймыз, оған жалпыға түсінікті, бір мезгілдік «хит» болу ерекшелігі тәуелді. Бірақ, уақыт ағымына сайт дәстүрлі әдебиеттің байсалды, көркем түрі мен жалпыға түсінікті ғаламтор әдебиетінің шет-шекарасы барған сайын күңгірттеніп, жоғала түсуде. Бейне бір көзге көрінбейті дуал сияқты. Біз бүгін дәл осы қалың қабырға көрінбей қалды деп айтуға әбден қақымыз бар.»
Қытай ғаламтор әдебиеті университетінің ресми сайты - daxue.17k.com
Автор: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: автордың өңдеуінде