1. Адам есінеу туралы мәлімет оқып жатқан кезінде есіней бастайды.
2. Өткен заманда кітаптар сөреге керісінше түпкей бет жағымен қойылған.
3. 4-6 жас аралығы жас бүлдіршіндерге оқуды үйретуге ең қолайлы жас болып саналады. Ал 6-7 жасында оқылым балаларға қиын түседі.
4. Орташа есеппен адамдар оқуға аптасына 6,5 сағатын жұмсайды.
5. Йель университетінің зерттеулері үшінші сыныпта нашар оқыған балалардың үштен төрт бөлігі орта мектепте сол қалпында қалып қалатындығын дәлелдеген.
6. Бір роман жазып шығу үшін орташа есеппен 475 сағат керек.
7. Тордың арғы бетінде жазылып шыққан кітаптарға: «Дон Кихот» Мигеля де Сервантес, «Пилигрим саяхаты» Джона Баньян, «Түрмедегі тәубе» Оскара Уайльд, «Тақсыр» Николо Макиавелли жатады.
8. Кітап дүкенінің аларманы 7 секунд алдыңғы бетін, 15 секунд артқы бетін қарап шығады.
9. Қазіргі кезде сатылып жатқан кітаптардың жартысын 45 жастан асқан азаматтар сатып алады.
10. Әдеби шығармаларды жиі оқитын ересек адамдар екі жарым есе қайырымдылық немесе ерікті жұмыстармен айналысуға жақын, одан кейін бір жарым есе спорттық шараларға бекем.
11. Әйелдер қауымы кітаптың 68% сатып алады.
12. Көптеген оқырмандар кітапқа деген қызығушылығын 18-ші бетте жоғалтады.
13. Ең ұзақ дауыстап оқу командалық марафоны 224 сағатқа созылған. Ол 2007 жылдың 13-22 қыркүйегінде Уругвай елінде «Mac» сауда орталығында болған.
14. Библиоклептоман деп кітап ұрлайтын адамды айтады. Библиоклептомандардың ішіндегі ең атақтысы - Стивен Блумберг. Ол 268 кітапханадан 23 000 сирек кездесетін кітап ұрлаған.
15. «Кітап құрты» термині кітап бөлшектерімен қоректенетін жәндіктер есебінен шыққан.
Оқи отырыңыз:
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны # 1
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны # 2
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны # 3
"Мыңжылдық жолаушының" ұстаз бен шәкірт туралы ойлары
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет:hljodbokasafn.is,www.recordsguinness.rusib.fm,www.jazjaz.net