Кітап – ақыл қазынасы. Кітап оқу – ғұмыр бойы жүретін үрдіске айналуы тиіс. Кім мейлінше көбірек оқыса, соның теретін жемісі көп болмақ. Кітаптың нешеге бөлінетінінен хабардарсыз ба? Білмесеңіз, оқып көріңіз!
– оқымаса да болатын кітаптар;
– қызығып оқуға емес, бірақ арнайы бір салаға байланысты жазылған кітаптар;
– құныға оқығың келеді, бірақ өмір шіркінде уақыт таппайтын кітаптар;
– оқуға ниет ететін, алайда оны оқу үшін әуелі басқа кітаптарды оқуың керек кітаптар;
– өте қымбат, бағасы арзандағанша күте тұруға тура келетін кітаптар;
– әлдебір досыңыздан уақытша оқуға ғана ала тұратын кітаптар;
– барлығын түгелдей дерлік оқыған, оқыдым деп айтуға тұрарлық кітаптар;
– ұзақ уақыттан бері оқуды жоспарлап жүрген кітаптар;
– бірнеше жылдан бері іздеп, таба алмай жүрген кітаптар;
– дәл қазіргі шақтағы айналысып жатқан ісің жайлы кітаптар;
– кез келген уақытта қолыңнан табылатын кітаптар;
– жазға дейін оқып бітірем деп арнайы бөліп шығарып қойған кітаптар;
– сенің кітап сөреңе сыймай қалған кітаптар;
– күтпеген жерден жан дүниеңді өртеп, ерекше әсер ететін кітаптар;
– әлдеқашан оқып қойған, бірақ қайталап оқитын кітаптар;
– осыған дейін оқыған сияқты болған, алайда ендігі шынымен оқуға кірісетін кітаптар.
Оқитын кітаптарды осылай бірнеше түрге бөлуге болады екен. Тізімді ары қарай жалғастырып көріңіз. Сіз тағы не қосасыз?