- Негізгі бет
- Көкжиек
- Кітапсүйгіш президент ...
Кітапсүйгіш президент
Америкалық саясаттанушы әрі АҚШ-тың 26-шы президенті Теодор Рузвельттің кітапты салынып оқығанынан хабардарсыз ба? Бұл кітапкеміргіш – кітапты аш адам секілді құныға оқыған адамдардың бірі.
Президент болған кезінде ол әр таңғы ас ішер алдында бір кітап тауысатын болған. Ал, кешке қарай оны іскерлік кездесулер қызықтырмаған. Керісінше, сол уақытта ол бірнеше томдық кітаптарды оқуды артық көрген. Газеттер мен журналдарды да дәл осындай қарқынмен оқыған деседі. Президент саналы ғұмырында оқып бітірген бірнеше мыңға жуық кітаптың есебін білген. Бұл кітаптар тізімінде өзге тілде жазылған жүздеген кітап та болған екен.
Рузвельт кітапты өте тез оқуының арқасында дәл осындай жетістікке жеткен. Оның көмекшілерінің айтуынша президент кітаптың 2-3 бетіне бар болғаны 1 минут қана жұмсайтын болған, содан соң кішкене детальдардан үлкен мәселе шығарып, дәйексөздер таба білген. Рузвельтке бұл қабілет зор мүмкіндік сыйлайды. Себебі ол осы қабілетінің арқасында өзінің көшбасшылығы мен ықпал ету күшін дамытқан. Ол кез келген адаммен кез келген тақырыпта ашық-жарқын, еркін сөйлесе білген. Сондай-ақ Рузвельт өзінің жеке жұмыстарын басып шығаруға қомақты қаражат бөлген екен...
Ия, расымен де ел басқаратын адамның мойнында үлкен жауапкершілік бары сөзсіз. Алайда, сондай адамдардың осыншалық білімге құштарлығы кім-кімді де ойлантпай қоймайды. Кітапқа бас қоюға жалқаулығы жар бермей жүргендерге өз-өзін қамшылауға жақсы мүмкіндік.
Ж. Жұмағұлов