Ұйқыдан ояна салып, жұмысқа бармайтыңызға қуаныңыз. Кітабыңызды құшақтап, ойша жоспар жасауға кірісіңіз. Себебі, бүгін Жаңа жыл!
Тамақтанып алған соң, мерекелік үстелдің қамын жасаңыз. Тілектер тізімін жазыңыз.
Мерекелік тағамдар әзірлеңіз. Келер жылы оқитын кітаптар тізімін қарап, талдап шығыңыз. Кітап туралы жазылған рецензияны да бір оқып алсаңыз артық етпейді. Бүгін Жаңа жыл екенін естен шығармаңыз.
Шыршаңызды әдемілеп безендіріп, сәндеңіз.
Шыршаға әдемі ойыншықтар ілумен қатар, сүйікті кітаптарыңызбен де сәндеуге болады. Сөреден кітабыңызды алып, белгіленген бетті қайталап оқып шығыңыз. Жаңа жылдық көңіл – күйді жоғалтпаңыз.
Ас үйдің шаруасын да ыңғайлап қойыңыз. Өткен-кеткенді еске алмай, өзіңізге жақсылап бір кофе әзірлеңіз.
Сыйлықтарға келсек, сөзсіз, кітап дүкеніне барыңыз. Ол жақтан бір бума кітап әкелетініңіз айтпасақ та түсінікті. Сүйікті кітап ешқашан салмақ болмайды. Жақсы кітапты жақсы адамға қимайтын да кездер болады. Айналаңызға қуаныш сыйлау – қимастықтан да керемет әсер қалдыратынын біле жүріңіз.
Жаңа жылдық фильмдерді саралап алған жөн. Десе де, сіз үшін кинодан кітап күшті екенін жаңа сатып алған кітаптарға қызыға көз жүгіртіп шығатыныңыздан байқай беріңіз.
Дастарханды жайып, майшамдарды жағып, үйдің ішіне мерекелік аура сыйлаңыз. Жаңа жыл есігіңізден кірем дегенше, жылы көрпеге оранып, ыстық шайды қасыңызға алып, кітап оқу – жаныңызға тыныштық сыйлайды.
Адамдардың қуанышты да жарқын күлкісі мен түрлі от шашулардың дыбысынан оянып, дастарханға жайғасыңыз. Жарқын көңіл күй мен жақсы тілек тілеп, аттанғалы тұрған ескі жылға қош айтып, бұл жылы істеген істеріңіз бен оқыған кітаптарыңыз жайлы ойлап, кіргелі тұрған жылды қуанышпен қарсы алыңыз.