- Негізгі бет
- Көкжиек
- Кітап туралы не...
Кітап туралы не білесіз?
Кітап – ғасырлар мұрасы. "Бұл жерді өлілер мекендейді, бұл жерде мылқаулар сөйлейді" деген латындардың керемет мақалы бар. Бұл қай жер деп ойлайсыз? Әрине – кітапхана. Біз сіздерге кітап туралы қызықты 17 дерек ұсынамыз.
1. «Робинзон Крузо» ең алғашқы ағылшын тіліндегі роман боп есептеледі.
2. Шерлок Холмс басқа әдеби кейіпкерлерге қарағанда көптеген кино мен телесериалдың қаһарманы болды.
3. Інжіл кітабының алғашқы қолжазбасы (баспа станогы ойлап табылған уақыттан бастап) қазір 8 млн доллар тұрады.
4. Ұлыбританияда барлық уақытта ең көп сатылған кітап – «Сұрдың 50 реңі» («50 оттенков серого»)
5. Чарльз Лютвидж Доджсонның «Алиса ғажайыптар елінде» кітабына ішінде сөйлейтін аңдардың бар болғаны үшін Қытайда тыйым салған.
6. Гарвард университеті кітапханасында адам терісіне жазылған 4 заңнамалық кітап сақталған.
7. Джастин Бибердің кітабы New York Times-тің бестселлерлер тізіміне енді (иә, ол да кітап жаза алады)
8. «Том Сойердің бастан кешкендері» жазу машинкасына басылған алғашқы кітап.
9. Гарри Поттер жайлы кітап табиғатта жоқ тылсым күшке сенуді насихаттауы себепті Америкадағы тыйым салынған кітаптар қатарында.
10. Владимир Набоков "Лолита" шығармасын көбелектерді коллекциялау мақсатында Америкаға бараи жатқан сапарында блокнотына жазған. Жазушының жары Вера оған романның жобасын өртеуіне кедергі жасаған.
11. Чарльз Диккенс «Рождество тарихы» («Рождественская история») шығармасын алты аптаның ішінде жазып шықты.
12. Барбара Картленд «Гиннесс рекордтар кітабы» версиясы бойынша ең өнімді жазушы. Ол екі апта сайын бір роман жазған.
13. Қазақ тілінде шыққан алғашқы баспа кітабы - «Сейфулмәлік» дастаны.
14. Ең көп пьеса жазған қаламгер – испандық драматург Лопе де Вега. Оның жазған пьесаларының саны 1800-ге жеткен.
15. Қазақ әдебиетінде тұңғыш рет twinbook (егіз кітап) форматында шыққан кітап Ерлан Жүніс пен Ақберен Елгезектің«Ғаршы» және «Ғаусар» жинағы.
16. Бүгінгі таңдағы әйгілі заманауи жазушы Пауло Коэльоны Иран мемлекетінде оқуға толықтай тыйым салған. Неге олай екені әлі күнге дейін белгісіз күйінде қалып отыр.
17. Герман Мелвиллдің әйгілі «Моби Дик» шығармасы алғаш рет принтердің жаңылысып кетуінен эпилогсыз жарияланып кеткен.
Ж. Жұмағұлов