Суретке түсіре білу де өнер. Кейде әуесқой фотографтың суреттері кәсіби фотографтардың суретінен асып түседі. Әрине, оған үлкен ептілік пен асқан шеберлік керек. "Оқу – көңілдің көзі ашылу. Кітап оқып отырған адамның көзі әрқашан жанып тұрады" дейді америкалық фотосуретші Стив Маккарри. Ол өзінің "Оқып отырған шақта" атты жинағына әлемдегі 30 ел оқырмандарының суретін енгізген. Суреттердің басым бөлігі оқырманға байқатпай түсірілген. Ендеше, байқатпай түсірілген әдемі суреттер топтамасына кезек берейік.
Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.
Ал, танымал фотограф Андре Кертесаның түсірген суреттерінің көбі кітап оқып отырған жандар. Оның "Оқу туралы" атты сериялық суреттері әлемнің бірнеше көрмелеріне қойылған. Кертесаның таңғажайып суреттерін көрейік.