Кітап ішіндегі табиғат

Tokyo Pistol дизайнерлік агенттігі осы бір ауыз сөзді тікелей түсінсе керек, нәтижесінде кітаптан гүл салатын қауашап (HONBACHI) жасап шығаруға тырысқан. 

Егер сіздің жұмыс үстеліңізде гүл мен кітапқа орын болмаса, онда екеуінің басын қосуға әбден болады. Әрине, жақсы және жаннан қымбат кітаптарды аталған мақсатта қолдану обал-ақ. Бірақ біздердің әрқайсысымыздың үйімізден керексіз, қажетсіз кітаптар табылып жатады.

Мәселен, коммунистік идеологиясын насихаттайтын партиялық кітап немесе ТМД елдерінің бірінің телефон түсіндірмесі дегендей. Айта берсек, ұзақ-сонар кете берер, "алайда" деген сөз бар екен. 

Әзілді түрмен айтқанда, бөлмеңізге табиғат бас сұқсын!

сурет:www.rbc.ua

Дайындаған: Фараби Арыстанбек