- Негізгі бет
- Көкжиек
- Кітап оқымайтын досқа...
Кітап оқымайтын досқа кеңес...
Жастар кітап оқу жайына келгенде біраз тосырқап қалатын әдет тауыпты. Кітап оқу – жақсы мен жаманның парқы, мәдениеттің биігі, өз-өзіңді дамыту құралы болса, неліктен көркем шығарма оқу деңгейі тым төмен?
Әбден жауыр болған мәселе шығар, десек те, жастарға септігі тиер деген оймен кітап оқудың жолдарын қарастырдық. Ендеше, оқып көр...
"Адам кітап оқуды қойса, ойлауды да қояды..."
Д. Дидро
- Кітапты күштеп оқыған соң, одан алған білімді міндетті түрде пайдалану керек. Мәселен, кітап оқып болған соң, қандай пайда алғаның туралы ойлан.
- Оқу алдында барлық керек-жарағыңды жаныңа алып, атқарылар жұмысты бітіріп ал.
- Кітапты оқитындар – ақылдылар, білімділер екенін біл. Кітапсыз-ақ өмір сүруге болады дейтін адамдардан арыл.
- Кітаптың бәрі бірдей емес. Адамгершілікке тәрбиелейтін классикалық туындылардан бастап, танымдық, тарихи, тіпті де эксперименталдық шығармаларды оқуға тырыс.
- Том-том кітаптан бастаудың қажеті жоқ. Шамадан тыс оқу жүйке жүйесіне әсер етіп, көзге зиянын тигізуі мүмкін. Қысқа шығармаларды оқып бітірген соң, нирвана болатынын психолог мамандар дәлелдеген.
- Әр сөйлемге назар аударып, әр сөйлемдегі мазмұнға нанып, өзгеге алаңдамай, шын мәнінде (!) оқы.
- Әдеби газет-журналдарға шолушы бол. Әдеби процессті қадағалап отыру қажет.
- Оқуды хоббиіңе айналдыр.
- Өзіңе де, достарыңа да себепсіз кітап сыйлайтын әдет тауып ал.
- Көзге оңай көрінетін жерге қай шығарманы оқығаның жайлы, қай шығарманы оқуды жоспарлағаныңды жазып қой.
- Кітап оқу орныңды сайлап ал, бұл жер жылы, ыңғайлы, жарық болуы керек.
- Өзіңе ұнайтын тақырыптағы кітаптарды жинап, бірінші кезекте соларды оқып тауысқан пайдалырақ.
- Сахналанған, кино сценарийіне арқау болған кітаптарды оқы. Фильмін де көруге болады.
- Кітапқұмар достар тап, керегіңді сұрап, кітап айырбастап отыру да пайдасыз емес.
- Оқыған шығармаң туралы ой бөліс, әңгіме, мақала, пікір жаз.
- Әр кеште ұйқы алдында кітап оқы.
- Кітап оқудың пайдасы еңбекақы секілді айдың соңында бола салмайды. Мұны мойындау керек.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: images.yandex.kz
А. Құлтай