Кітап жазуда ұлы жазушылардың кеңестерін ұсынамыз. Олардың қолданған әдіс-тәсілдері сіздің жазуыңызға да өз қолтаңбасын қалдырсын.
Стивен КингДүниеге айтулы бестселлерлерді әкеліп, үрей мен қорқыныштың патшасы атанған жазушы өзінің "Кітапты қалай жазу керек?" еңбегінде тың бағдарлама мен жосықты ұсыныстарды келтіре кеткен екен.
Осы тұста бір айта кетерлігі, замандық озық ойлы жазушымыздың осы бір еңбегін жазуына көлік апаты түрткі болған. Әсілі, қаламгер көлік апатынан кейін өз өмірін қайта бір парақтаса керек.
Баяндау жазушылық қиялдан бастау алып, жазушылық қиялмен аяқталуы тиіс.
Жақсырақ жазыңыз және баяндауды емес ("ол отырды", "мен тұрдым"), мезгіл мен уақытты орнықты суреттеуге тырысыңыз.
Бұрышқа үстелді қойып, оған әр жолы жазуға отырғанда неге оның бөлме ортасында тұрмағанын еске салыңыз. Өмір - өнерді қолдап-қолпаштайтын жүйе емес. Керісінше.
Егер сізде жақсы кітап оқуға уақыт табылмаса, онда жазуға да уақыт жоқ деген сөз.
Нил ГейманБританияның фантаст жазушысы кітап жазуда төмендегі кеңестерін ұсынады екен:
Тұрақты (барлық уақытта) жазып тұру
Қажет сөзді іздеу және оны түртіп алу;
Бастаған істі аяғына дейін жеткізу;
Әдебиетке бағынышсыз қарап, осынау еңбекті алғаш көріп отырғандай үңіліңіз, сосын парақтаңыз.
Егер де оқырмандарыңызға мәтін ішінде бір нәрсе ұнамай қалса, онда әдетте ойлы дүние айтылды деген сөз. Ал егер оқырман кеңес беріп, дәлелдеуге тырысып жатса, көбіне-көп қателік орын алуы мүмкін.
Жазғаныңызды түзеңіз. Керемет кемелділікке жеткенше, жазғаныңызға қайта отырып, оны қайта жазуға отыратыныңызды біліңіз.
Тапқырлығыңызға тәу етіңіз.
Сенім мен барлығын дұрыс жасап отырмын деген сенімділік қалаған, кез келген нәрсені өмірге келтіре алмақ. Осыны ұмытпаңыз. Шығармаңызды барынша шынайы, қолдан келгенше жақсырақ жазуға ұмтылыңыз.
Рэй БрэдбериБрэдбери "Жазушылық өнердегі Дзен" кітабында өзіндік жеке стиль түзу мен баспалармен келіссөз жүргізудегі айла-шарғылармен бөліседі екен.
Аталған еңбек әдебиетке ат басын бұрған кез келген жас буын үшін бойтұмар кітап есепті десек, қателеспейміз. Себебі, туынды өмірлік көркем ақыл-ойлармен топтастырылған.
Шығармашылықтағы басты құпия - өз ойыңа мысыққа қарағандай қарайлау және оларды артыңыздан еруге мәжбүрлеу.
Әлемдік түсінік, пайымыңыз қайта қаралатын туындыларды оқыңыз.
Курт ВоннегутАмерикалық қаламгер өзінің «Табакерка Багомбо: Топтастырылмаған әңгімелер» еңбегінде жазушыларға қысқа әңгіме жазудың қыр-сырын жазып қалдырған екен:
Бейтаныс оқырман мән берген нәрсеге, көп уақыт бөліп, әуре болмаңыз.
Оқырманның бойы тез үйреніп, бауыр басатын кейіпкер жасаңыз.
Әңгімеңіздің әр кейіпкері бір нәрсеге болсын құлықты болсын. Онысы, тіпті, бір жұтым су болса да.
Сөйлемде не кейіпкердің мінезі, не іс-қимыл баяндалсын.
Әңгіменің алғашқы жолдары түйсіктік түйіндерге (логикалық) бір табан жақын тұрсын.
Кейіпкерлеріңізге қаталдық танытыңыз. Оқырман оны толыққанды бағалай алу үшін, кейіпкерлер ауыр зұлматтарды бастан кешуі тиіс.
Жалғыз адамға арнап жазып жатқандай сөйлем түзіңіз, себебі, барлығына жағамын деп, өз оқиғаңызға қайғылы үкім шығаруыңыз әбден мүмкін.
Шиеленісті сақтамай, ақпараттың бәрін бірден жайып салыңыз. Мұның сыры, оқырман сіздің әңгімеңізді өз бетімен аяқтай алуы тиіс.
Эрнест ХемингуэйЖазушы өзінің жазу машығы жайлы айтудың бос сөз екенін алға тартса да, осы күні кейбір әңгімелерінде, сұхбаттарында, хаттарында кеңестері қалған:
Біріншіден, талант, үлкен талант қажет. Кирлингтің дарыны болса. Сосын тәртіп. Флобердің тәртібі. Сосын прозаның қалай жайылатыны туралы анық-қанық түсінік пен Париждегі метр-эталондай өзгеріске еш ұшырамайтын ар-ұят болуы тиіс.
Жазушыға интеллект пен адал ниеттілік, соның ішінде өміршеңдік ептілік керек. Мұның барлығы, өз кезегінде, бір бет-пішін ішінде жазушының ішкі әлемін қазып, түйген әсерлердің барлығын жеңіп шығуы тиіс. Тірі қалып, еңбекті ақырына дейін жеткізу қиынның қиыны саналады.
Жақсы кітаптардың бір-біріне ұқсастығы, олардың өмір ақиқатынан алысқа ұзамай, сондағы оқиғалар бір басыңыздан өткендей әсер қалдыратындығы: жақсылық пен жамандық, өкініш пен қайғы, адам баласы, мекен мен ауа райы да. Егер де сіз осының барлығын адамдарға бере алсаңыз, демек сіздің нағыз жазушы болып аяққа тұрғаныңыз.
Жақсы жазушының бар дарыны - шалалықтың (халтураның) сабырлылыққа толы детекторы. Жазушылық радар бүгінде жақсы авторлардың барлығында бар.
Мен сіздерге өмір бойына алғаш көріп тұрғандай қарадым.
Константин ПаустовскийПаустовский өзінің "Алтын роза" еңбегінде жас жазушыларға арналған қызықты ойларын қалдырған.
Ойлау - найзағай секілді, адам санасында пісіп жетілген ойлармен, жадыдағы сезімдер мен әсерлермен түзіледі. Кернеудің шиеленіскен деңгейіне жеткен күні осының барлығы оғын жұмсауға даяр тұрады. Сосын барып тығыздалған, бей-берекеті шыққан әлем найзағай туғызады - ойлау.
Прозада байқағыштықтың өзін "жазушылық міндет" үшін жасауға болмайды. Қажеті болғанда, олар өздері алға шығып, өз орындарына барып тұра қалмақ.
Марк Твен"Том Сойердің бастан кешкендері" кітабының авторы ащы мысқыл ойлары мен танымал ескертпелермен танылған:
"Өте" деп жазғыңыз келгенде, әр уақытта "асаны" қолданыңыз.
Мақала жазуға ең күшті уақыт - оны өзіңізге жазып болған уақыт.
Ой барлық адамда бар. Бірақ мәтінге сыйдыра алатын қабілет барлығында бірдей жоқ.
"Әйел айқайлады" деп жазбаңыз, оның өзі айқайлайтын дәрежеге жетсін.
Ұлы кітаптар ұғынықтылығымен, керемет грамматикасымен емес, стилі мен жазылған ой-түйінімен бағаланбақ.
Чак ПаланикЖазуға еш құлшыныс болмаса, асхана таймерін бір сағатқа қосып қойып, жазуға отырыңыз. Егер бір сағаттан соң жазудан жүдеп кетсеңіз, бір сағатқа демалып алсаңыз болады. Дегенмен, әдетте таймер қосылған уақытта жазуға кірісіп кетіп, одан ләззат алып, тоқтай алмай қалатын сәттер болады.
Кір жуу мен ыдыс-аяқ жуу секілді іс әрекеттер ойлардың жинақталуына, сұрыпталуына алып келеді. Оқиғаның аяғын жалғастыра алмасаңыз ... еденді тазалаңыз. Не болмаса, төсек төсенішін ауыстырыңыз. Компьютердің шаңын сүртіңіз. Жақсы ойын жақсы кезде оралмақ.
Оқырман сен ойлағаннан ақылдырақ, әңгіменің формасын өзгертуге және уақыттық ауытқулар жасауға қорқақтамаңыз. Әлбетте, кино бізді әккі қылып қойған. Дей тұра, оқырманды таңғалдыру қатты қиын да емес.
Кітаптың ақыр аяғына дейін не болатынын білуге тиісті емессің. Шындығында, біліп тұрсаңыз, оны түсіру азапқа түседі.
Өзіңіз оқығыңыз келетін кітаптарды оқыңыз.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: helenimpressions.blogspot.com