Кітап – адамзаттың ең құнды ақыл қазынасы. Жақсы кітап – жан серігі. Үнемі оқуды тоқтатпау адамды үлкен әлемге жетелейді. Біз қаншалықты көп оқыған сайын соншалықты біле түсеміз. Оқу басқа, сіңіру басқа, әрине. Дегенмен, көп оқу дағдыға айналса, оқыған дүние сіңбеуі мүмкін емес. Мүмкін емес нәрсе жоқ. Жаныңызда немесе араласатын достарыңыздың ішінде кітапты серік еткен жандар болады. Соларға қарап кейде дерт жұқтырған адам ба деп қаласыз. Анығында, ол солай. "Кітап дертіне" шалдыққан адамның 12 белгісі бар. Сонымен...
1. Кітап сөресі үйінің әр бөлмесінде бар. Қай бөлмеге барсаңыз да алдыңыздан самсаған кітаптар шығады...
2. Қай дүкенге барса да кітап іздейді. Егер табылса, оқып тауысу үшін бірден бірнеше кітап сатып алады.
3. Ешқашан кітаптан ақша аямайды. Қанша қымбат боп тұрса да, көз жұмып ала салады.
4. Егер іссапарға шықса өзімен бірге толтырып кітап алады.
5. Тіпті кештерге барғанда да кітап апарады.
6. Түскі үзіліс кезінде әріптестерімен бірге болуды емес, жалғыз қалып сорпа пен кофе арасында біраз оқуды жөн көреді.
7. Соңғы айда көрген фильмдерінен гөрі оқыған кітаптары көп.
8. Автобуста да құлаққап тағып алып ән тыңдамай, керісінше кітап оқиды.
9. Шақырған жерлерге барудан бас тартады. Себебі, оқып біткен жоқ...
10. Өмірдегі адамдарға емес, кітаптағы кейіпкерлерге ғашық...
11. Кітап дүкенінде бірнеше сағаттап жүруге бар...
12. Кітаптың соңына жеткенше ұйқыны да, күлкіні де ұмытады...