Кітап - білім қазынасы

Кітап - білім қазынасы

Кітаптар мен кітап оқу жайлы қызықты мәліметтерге назар салыңыз!

  • Егер сіз кітаптан есінеу туралы оқып отырсаңыз, өзіңіз де есінейсіз.
  • Зерттеушілердің айтуынша, бала жасының 4-6 жасы нағыз оқу үйренетін кезі болса, 6-7 жасы одан да күрделі кітаптар оқуға көшетін жасы екен.

  • Адамдар орташа көрсеткіш бойынша аптасына 6,5 сағат уақытын кітап оқуға бөледі екен.
  • Роман жазу үшін орта есеппен 475 сағат уақыт кетеді екен.
  • Темір тордың арғы жағында дүниеге келген шығармалар: «Дон Кихот» Мигель де Сервантес, «Діндардың сапары» Джон Баньян, «Түрмедегі тәубе» Оскар Уайльд, «Патша» Николо Макиавелли.
  • Бұрындары кітапханадағы кітаптар сөрелерге шынжырмен байланып тұрған.
  • Орта көрсеткішпен есептегенде, адамдар кітап дүкендерінде сегіз секунд ғана уақытын өткізеді екен. Оның үстіне оларға сөрелердің алдыңғы бетінде және артында тұрған кітаптарды бір қарап өту үшін 15 секунд да жететін көрінеді.
  • Бір күнде сатылған кітаптардың жартысын 45 жастан төмен адамдар алады.
  • АҚШ зерттеушілерінің айтуынша, үшінші сыныптан бастап кітап оқуға әуестенген бала темір тордың арғы жағына түсуден және есірткі пайдаланудан алшақ болады екен.
  • Үнемі көркем әдебиет оқитын үлкендердің екіден бір бөлігі көмек қорлары мен қайырымдылық жұмыстарына белсенді түрде ат салысса, қалғандары спорттық шаралардан қалмайды.
  • Кітаптардың 68 %-ын әйел адамдар сатып алады екен.

  • Көбіне адамдардың кітапқа деген қызығушылығы 18 бетке дейін туындамайды.
  • Алғашқы жұмсақ мұқабалы кітап "Penguin" баспасынан шыққан. Ол кітаптар шылым өнімдері секілді өтімді болсын деген мақсатпен шығарылған екен.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

 Суреттер: business.ngs.ru, gaer.ru, prodetey.ru

 

А. Әбілхан