Өнер өмірден үйренбейді. Керісінше, өмірге үйретеді. Жазаны жаза басқан ғана таңдамайды. Біздің әр күніміз өзіміздегі бар мүмкіндікті шектемей толығымен игеру жолында өтіп жатады. Кезінде әдебиеттің ары саналған ақын-жазушылар арман-белестерге жету үшін өздеріне үлкен талаптар қойған екен.
Cіз білесіз бе, Вирджиния Вулф дүниеге әкелген кітаптарының барлығын түрегеп тұрып жазған. Бұл туралы жазушының жақын туысқаны, биогроф Квенти Белл "Вирджиния Вулф" атты кітабында толықтай баяндайды. Аталған кітапта мынадай қызықты жолдар бар: " Оның үйінде 30,479 см ұзындыққа тең 106,24 см биіктіктегі жазу үстелі болған. Оның үлкен болғандығы сондай, жазушы жұмыс істеу барысында түрегеп тұруға мәжбүр болған".
Осы бір әдіспен кітап жазуды жазушының өзі уақытында әр түрлі себептермен түсіндіруге тырысқан. Ал Белл болса өз сөзіне сендіруге тырысады: "Оның бұлай істеуін өзіндік себептер бар. Кезінде Ванесса да (оның әпкесі мен Беллдың шешесі) сол уақыттағы барлық суретшілер секілді түрегеп тұрып жұмыс жасаған".
Міне осылай күні-түні әпкесінің жеткен биігін еңсеру мақсатында жас жазушы тұрған күйі еңбектенуге тырысқан. Өзіне жазаның осы түрін қолдану арқылы жақсы жазушы болатын шығармын деп ойлаған. Әрине, тәулік бойына тапжылмай еңбек ету өз кезегінде қатты қалжыратып тастайтыны анық.
Сурет:2u.ucoz.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт