- Негізгі бет
- Көкжиек
- "Кішкентай ханзада" құрметіне...
"Кішкентай ханзада" құрметіне ашылған саябақ
«Кішкентай ханзаданы» оқымаған оқырман жоқ шығар. Оның ғажайып әлеміне енбеген адам кемде-кем. Осыдан бірнеше жыл бұрын француздың Эльзас аймағында әлемге танымал жазушы Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзадасына» арналған тематикалық ойын-сауық саябағы ашылды. Жоба жетекшілері әйгілі кітаптың жарқын әлеміне саяхат жасауға шақырады.
Саябақтың ең бір көзге көрінерлік таңғажайып тұсы – 150 метр биіктіктегі әуе аэростат-шарлар. Осынау шарлар кішкентай ханзада барып қайтқан ғаламшарларды білдіреді.
Кішкентай ханзаданың үлкен әлемін көргісі келгендер әуе шарына отыруына болады. Келушілер компьютермен жасалған хайуанаттармен ойнап, шығарма кейіпкерлерімен сөйлесе алады.
«Кішкентай ханзада» шығармасы алғаш 1943 жылы жарияланды. Сол уақыттан бастап ол әлемнің 270 тіліне аударылды. Кітап әлі күнге дейін әлемдік бестселлерлер қатарынан түскен жоқ.
Ж. Жұмағұлов