Қарапайым кітап қыстырғыштарды қолданасың ба? Әлде онсыз-ақ оқып жатқан кітаптың бетін есте сақтап қаласың ба? Тіпті болмаса үзбей-ақ томдықты бір деммен бітіре саласың ба?
Қайткенде де, бүгінде кітап оқу мәдениеті өзгерген сыңайлы. Күнделікті күйбеңнің арасында кітап оқып қалайын деп талпынған кездерде оның әр бетін есте сақтап қала алмай, кейіннен оқып тастаған беттеріңді қайта бір оқып отыруға тура келеді. Сонда қолға түскен қайбір қағазды болмасын беттер арасына қыстыра саламыз. Ал нақ кітапсүйер адамдар мұның өзіне шығармашылықпен келеді. Қыстыруға арналған заттардың сан алуандығы соншалықты, олардың қайсысына таңғалып, қайсысын қолданарыңды да білмей қаласың.
Кітап оқудан да жалығу кездері кездеседі. Міне, сонда осындай бір қарапайым көркемөнермен айналысып, миды тынықтырып алуға әбден болады.
Бұл жағдайда оқып тоқтаған бетіңді ешқашан жоғалтпайсың әрі әдемі акссесуар.
Бұл нұсқа қыздар қауымына ұнайды.
Суреттегі баланың басын кітап сыртына қылқита салу да ыңғайлы.
Мұны қолдан тігіп қойса, кітап оқуға деген ықылас-ниетіңіз оянады.
Қыстырмалар ішіндегі ең пайдалысы. Олай болатындығы бұл "механизм" тіпті мәтіннің қай тармағына келгеніңді көрсете алады.
Артық болмаса, мұның да кем пайдасы жоқ...
Қуыршақтың бөлініп қалған аяғын осылай қыстырып, "хэндмейд" жасаса да болады екен...
Темірден жасалған қыстырғыш та қос қолдап кітап оқуға шақырады...
Мұны енді классика десек болар...
Кітап сөреңді жаңаша қалыпта сәндеймін десең, ең оңай жолы осы...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: vk.com