- Негізгі бет
- Көкжиек
- Көзімді аялай біл!...
Көзімді аялай біл!
Көркіне көз сүрінердей бір сұлу қыз болыпты. Бірақ оны өзінен басқа тек бір жігіт қана құлай сүйеді екен. Өйткені, бойжеткеннің көзі су қараңғы еді.
Ақкөңіл жігіт үнемі оған қарайласып жүреді екен. Оған деген махаббаты да еш суымапты. Бір күні ол қызға:
- Маған тұрмысқа шығуды қалайсың ба? - деп жүрек лебізін жайып салыпты.
- Саған обал еткім келмейді. Көзім шырайдай жанып, бүкіл әлемді көрген сәтімде еш ойланбастан саған жар боламын.
Арада күндер зулап өтіп жатты. Бір күні ұйқысынан оянған қыздың көзі аяқ астынан жазылып, мейірлі күнді, бұйығы көлді, буырқанған теңізді, көк аспанда құйқылжыған құстарды, бар дүниені, ең бастысы - өзін құлай сүйген жігітті де көріпті. Бірақ, оның сол сәттегі қуанышты көңілі су сепкендей басылыпты. Ол өзінің үнемі қасында жүретін жігітінің су қараңғы соқыр екенін еш ойламаған еді.
- Кешір, саған үйлене алмаймын. Мен мынау сұлу дүниені көре алмаудың қасіретін жақсы білем.
Жігіт қатты азаптаныпты:-
Мейлі, маған тұрмысқа шықпай-ақ қой, бірақ, сүйіктім, менің көзімді жаныңдай аялай біл! - депті жыламсырап. Сосын аса таяғымен жол жиегін қармалап, кете барыпты.
Ақ көңіл жігіт өзінің қос жанарын құлай сүйген махаббатына сыйлаған еді.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: films-online.su
Қ. Қауымбек