- Негізгі бет
- Көкжиек
- Көпшілік оқырман кітаптың...
Көпшілік оқырман кітаптың 18-ші бетіне келгенде қызығушылығын жоғалтады
Өмірдегі бітпейтін байлық не десе, қалай жауап берер едіңіз? Ақша ма, мал-дәулет пе? Әрине, ақшасы бар, дәулеті бар адам қашан да "бай" адам есептеледі. Нағыз байлық – рухани байлық. "Білім – алмас қылыш болса, рухани кәмелеті толмаған адам – бала" деген екен жазушы Таласбек Әсемқұлов. Сондықтан рухани құндылық жоқ жерде сіздің жиған-тергеніңіздің құны көк тиын болмақ.
Массагет порталы әрдайым кітап туралы қызықты деректерді ұсынып келеді. Бүгін де сол әдетімізбен ең қызықты деректерді ұсынамыз.
Есінеу туралы оқысаңыз, өзіңіз есіней бастайсыз.
Зерттеу нәтижесі бойынша, 4-6 жас – баланы кітап оқуға үйрету жасы. 6-7 жастан кейін күрделілерін оқуға баулу қажет.
Орташа есеппен алғанда адамдар аптасына 6,5 сағатын кітап оқуға арнайды.
Иель университетінің зерттеуі бойынша 3-сыныпта балалар алғашқы 3 тоқсанда нашар оқыса, дәл сол күйі мектепті бітіреді екен.
Бір романды жазу үшін шамамен 475 сағат уақыт кетеді.
Ертеректе кітапханадағы кітаптар шынжырланып тұратын болған.
Орташа есеппен сатып алушы кітап дүкенінде тұрған кезде кітаптың алдыңғы мұқабасына 8 секунд, ал артқы мұқабасына 15 секунд уақыт жұмсайды.
Бүгінгі таңда сатылымдағы барлық кітаптың жартысын 45 жастан жоғары адамдар сатып алады.
Әдеби шығарманы үнемі оқитын ересек адамдар екі есе қайырымдылықпен айналысуға ынталы және екі есе спорттық шараларға қатысуға мүдделі болады.
Әйелдердің 68%-ы кітап сатып алады.
Көпшілік оқырман кітаптың 18-ші бетіне келгенде қызығушылығын жоғалтады.
Ең ұзақ командалық кітап оқу жарысы 224 сағатқа созылған. Жарыс Пайсандудағы (уругвай) «Мас» сауда орталығында өткен сайыстың соңғы қатысушылары Мильтон Нэн, Сильвина Карбоне, Карлос Антон, Эдит Диаз, Иоланда Баптисту және Натали Дантазбен болған. 13-22 қыркүйек, 2007 жыл.
Көп кітап ұрлағыш адамды библиоклептоман деп атайды. Стивен Блумберг – әлем тарихындағы ең көп кітап ұрлаған баукеспе. Ол АҚШ пен Канада елдеріндегі ірі университеттердің 268 кітапханасынан 20 жыл ішінде 20 000 сирек кездесетін кітаптар мен 11 000 көне қолжазбаны жымқырған. Тоналған кітаптардың жалпы сомасы 20 миллион долларға шаққан деседі
Стивен "кітапқа желікпе құштарлық құмарынан туған психикалық аурумен" ауыратындығын әлем дәрігерлері кейін дәлелдегенімен, ол ұрлаған кітаптарының ешбіріне де залал-зақым келтірмей, бірін де сатпай, жеке үй кітапханасын толықтырумен болған.
Ж. Жұмағұлов