Қазақ әдебиетінің соның ішінде психологиялық әңгімелердің шешімін тауып, оқырманға үлкен ой мен тәлім қалдырып жүрген қаламгерлер көптың қасы емес. Ә.Кекілбаевтың мифтік танымдық тұрғыда жазған психологиялық повестері мен шағын әңгімелері, Т.Әбдіктің шытырман оқиғаларға толы адам қиялын жетілдіретін әңгімелері, содан кейін Талаптан Ахметжан деп атасақ артық айтқан болмаспыз. Ал Т.Ахметжан сынды саңлақтың қысқа ғұмыры жайында оның қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегінің қаншалықты салмақты екенін білу үшін оның аз-кем өмірі мен шығармашылғына үңілуді жөн көрдік. Талаптан Ахметжан- 16 желтоқсандаШығыс Қазақстан облысы,Күршім ауданы,Теректібұлақ ауылындатуған. 1977 жылы Теректібұлақ орта мектебінің 8 сыныбын өте жақсы бітіріп, Өскемен қаласындағыЖамбылатындағы мектеп-интернатқа ауысады. 1979 жылы мектеп-интернатты бітіріп, Өскемен құрылыс-жол институтына оқуға түседі. 1985 жылы институты бітіріп, құрылыста мастер, Шығыс Қазақстан облыстық телерадио комитетінде редактор, республикалық Қазақ әдебиеті газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде Бас маман, Егемен Қазақстангазетінде бөлім редакторы, Парасат журналында Бас редактордың орынбасары,Қазақстан Жазушылар одағыбасқармасы Төрағасының орынбасары, Ан Арыс баспасының Бас редакторы қызметтерін атқарған. Мамандығы инженер бола тұра, әдебиетке өзінің таланты арқылы білек сыбана араласқан көпқырлы кісілік келбетімен, адамгершілік ар-ожданының биіктігімен көптің көңілінен шығып, жүректерден орын алған қазақ әдебиетіндегі сырбаз тұлға, жазушы-драматург. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының соңынан бастап әңгімелері баспасөз беттерінде жарияланды. Алғашқы әңгімелерін мектеп-интернаттың жоғары сыныбында жүріп жаза бастады. 1979 жылы Өскемен құрылыс-жол институтына оқуға түсіп, 1985 жылы оқу орнын бітіріп, құрылыста мастер, облыстық телерадиокомитетте редактор, республикалық Қазақ әдебиеті газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, ҚР баспасөз және БАҚ министрлігінде бас маман, Егемен Қазақстан газетінде бөлім редакторы, Парасат журналында бас редактордың орынбасары, республикалық Әдебиет айдыны газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, Ан Арыс баспасының бас редакторы қызметтерін атқарды. Жігер фестивалінің, Валентин Пикуль атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының Оралхан Бөкей атындағы сыйлығының иегері. 1996 жылы Тұма атты әңгімелер мен хикаяттар жинағы үшін Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, 2002 жылы О дүниенің қонағы қонағы атты прозалық жинағы үшін халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты атанды. Сахнада кейіпкерлер образын актер болып сомдаған қаламгер үшін бұл жанр етене жақын еді. Әрі сахна заңдылықтары мен ерекшеліктерін ертеден біледі. Содан болар оның қаламынан Сұлу мен суретші, Екі жүрек, Тазша бала, Пейіштен түскен періште, Қараторғай пьесалары туды. Қаратоғай атты екі актілі трагедиясы Орал облыстық театрында, Екі жүрек атты екі актілі пьесасы Ғ. Мүсірепов атындағы академиялық Жастар мен балалар театрында қойылды. Абзал азаматтың әз жүрегі туған жерімен бірге соқты. Атамекеннен қол үзбей, шығармаларына арқау етті. Талаптан Ахметжан қазақ руханиятындағы өзіндік қарапайым, әрі тым сыпайы болмысты әсем әлемін жасап үлгерген жан еді. Қатаңдық пен қаталдықты емес, әр жүректегі аяр сезімнің отын үрлейтін нәзік лириканы жазды. Оқырман ол әлемге қалай еніп кеткенін, көңіл құсының қайтіп шартарапқа құйқылжып қалықтағанын білмей қалатын-ды. Ішіне енбесең, сыртынан бажайлағанға ондай бақытты сәт бұйырмас. Аяз сүйген көңілімнің әйнегі, көрінбейді көмкерілген қыраудан деген сөзі арнап айтпаса да, осыны аңғартар.