- Негізгі бет
- Көкжиек
- Қайыршы бала және...
Қайыршы бала және бейтаныс адам
Біз сіздерге «Бақытты қайдан іздеп жүрсіз?» деген жазба ұсындық. Енді мына бір оқиғаға назар аударыңыз. Көше бойында соқыр бала: «Мен соқырмын, маған көмектесіңдер!» деген жазуы бар тақтайшаны алдына қойып, қайыр тілеп отырды. Алдындағы табақшада тек бес-алты теңге ғана жатыр. Жұмысына асығып бара жатқан бір жолаушы оның алдына келді де, табағына тиындар салып, тақтайшаның кері жағына жазу жаза бастады. Адамдардың өзі жазған жазуды көруі үшін тақтайшаны кері қаратып қойып қойды. Бейтаныс адам кетісімен соқыр баланың табақшасы темір теңгеге тола бастады. Тіпті оның қолына, жанқалтасына да ақша салып кетіп жатқандар болды. Түстен кейін баланың шын соқыр немесе алдамшы екендігін білу үшін әлгі кісі ол жерге қайта келді. Бала жолаушының аяқ дыбысынан танып қойды. «Таңертең сіз менің тақтайшама не жаздыңыз?» деп сұрады бала. Бейтаныс адам: «Мен тек сенің шынымен соқыр екеніңді жаздым, бірақ, оның жазылу тәсілі саған ұқсамайды» деп жауап берді. Ол кісі тақтайшаға не деп жазған болуы мүмкін? Жолаушы: «Бүгінгі күн өте керемет, сондай нұрланып тұр, бірақ, мен бұл сұлулықты көре алмаймын!» деп жазған болатын. Соқыр баланың өз жазуы мен бұл кісінің жазуында қандай айырмашылық бар? Баланың өз жазуы тек өзінің соқыр екендігінен хабардар қылып қана тұр, ал екінші жазба адамдарға өздерінің бұл баламен салыстырғанда бақытты екендіктерін есіне салып тұр, тәубелеріне келтіріп тұр. Біздің жарық дүниені көріп жүруіміздің өзі үлкен бақыт, бірақ, оны көп адам біле бермейді.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: itisedition.blogspot.com
M. Auelkhan