- Негізгі бет
- Көкжиек
- Қадыр ақынның айтқандары...
Қадыр ақынның айтқандары
Қазақтың классик ақыны Қадыр Мырза Әлидің әдебиетімізге сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Ол әдебиеттің қай саласына болса да, қалам тербеген. Тіпті өмірінің соңына дейін жазуды тоқтатпаған адам. Оның өлеңдері мен айтқан әңгімелері, дәйексөздері бүгінде көптеген жиын-тойларда, отырыстарда айтылады. Ақынның дәйексөздерінен үзінді оқи отырыңыздар.
***
Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл.
***
Бүкіл дүниені сатып алуға дайын адам өзін сатып жіберуге де дайын.
***
Қанша тапқаның емес, қанша тындырғаның байлық.
***
Адамның шашқаны емес – тергені, алғаны емес – бергені қалады.
***
Сүйген екенсің таусылып сүй, екінші біреуге қарайтын хəлің болмасын!
***
Шындықты айтып сотталып, өтірік айтып сытылып кету мүмкіндігі де бар.
***
Еркектер неге əйелін тастайды? Бір əйелге төзбеген ер көп əйелге төзе ме сонда?
***
Дүние – тұзды тамақ, жеген сайын шөлдейсің.
***
Бақыттың қонғанын емес, ұшып кеткенін қатты сезесің.
Ж. Жұмағұлов