Нобель сыйлығының лауреаты Уильям Фолкнер 1956 жылы The Paris Review журналына берген сұхбатында жазушылықтың табиғаты жайлы айтады...
* * *
Авторға қажетті саналған орта жалғыздық пен рақатшылықты (удовольствие) қамтамасыз етуі керек, бірақ, сол уақытта бағасы жоғары болмауы тиіс. Өз өмірлік тәжірибемде жұмыс жасауға қажетті құралдар - бұлар қағаз, табак, тамақ және аздаған шарап.
Жазушыға экономикалық еркіндік керек емес. Бар керегі - қарындаш пен кішкене қағаз. Ешқашан әдебиетте сырттан қалбылданған ақша есебінен бір жақсы дүниенің туылғанын көрген жоқпын. Нағыз жазушы ешуақытта қорға қол ұшын созбауы тиіс. Ол өз жұмысына кіріп кеткен жан. Егер ол жоғары деңгейдегі жазушы болмаса, онда ол жай ғана өзін уақыт жоқ деумен және экономикалық еркіндікті сылтауратумен алдап жүр деген сөз. Жап-жақсы, тәп-тәуір өнер қарақшылардың да, барымташылардың да, саудагерлердің де қолынан тууы мүмкін. Адамдар өздерінің ауыртпалық пен кедейлік тауқыметінің қаншасын бастан кеше алатындықтарын білуден қорқады. Шын мәнінде, олар өздерінің қаншалықты мықты екендіктерін білуге үрейлі.
Өмірдің жақсылық пен зұлымдықта ісі жоқ. Адамдар шын мәнінде өмірде тірі қалу үшін ғана уақыттарын жұмсауға мәжбүр.
Жетістік сыры былайша жүзеге асады: 99 пайыз талант, 99% тәртіп, 99 пайыз еңбек. Автор ешуақытта өзі жасаған дүниесіне көңілі толмауы тиіс. Оның жұмысы ешқашан "жақсы болдының шек мүмкіндігінен" көріне алмайды. Әрқашан армаңдаңыз, төбеңіз тиер тұсқа дейін мақсат қойыңыз. Замандастарыңыз бен бұрынғылар секілді жай ғана үздік болуға тырыспаңыз. Автор - жынның артынан ерген тіршілік иесі. Бұл тұста ол өзінің таңдалуының сырын білмейді, көбіне сұрау үшін уақыты болмай жатады. Жұмысын біту үшін адамдыққа тән емес жат қылыққа баруға әзір тұрады...
Жұмысты бітірудің автоматтандырылған әдісі жоқ, ешқандай қысқа жол дегеннің болуы да мүмкін емес. Жас жазушы теорияның артынан ілескен болса, ақымақ болғаны шамасы. Өз қателіктеріңізден сабақ алыңыздар: адамдар осылай ғана үйренеді, сабақ алады. Жоғары деңгейлі автор өзіне біреу-міреудің сабақ беруге өресі жетпейді деп санайды. Өршіген менмендік орын алуы заңдылық. Ескі жазушымен арадағы қуанышы - одан асып түскісі келетіндігінен.
Жазушыға үш нәрсе керек: тәжірибе, бақылау және қиял елесі. Осылардың екеуі, ал кейде біреуінің өзі қалғандарының орнын басып, жауып кетіп жатады...
Өмірдің жақсылық пен зұлымдықта ісі жоқ. Адамдар шын мәнінде өмірде тірі қалу үшін ғана уақыттарын жұмсауға мәжбүр.
Адам ет пен сүйектен жаралғандықтан, өлімнен арашалап қалар жалғыз ғана мүмкіндік - өз шаңының артынан мәңгілік болуы мүмкін бір нәрсе қалдыра алу.
Өмір - бұл қозғалыс, қозғалыс адамды әрекет етуге мәжбүрлейді - амбиция, билік, көңіл қалауы. Адам моральға өмірін арнаса, айналымда тұрған қозғалыстан қалуға мәжбүр. Оған ертелі-кеш жақсылық пен зұлымдық арасында (себебі, мұны мораль салдары талап етеді) таңдау жасауға тура келеді. Оның ар-ожданы - Құдайдың қарғысы. Армандауға құқық алу үшін оны қабылдауы тиіс!
Әрбір автордың мақсаты - жасанды жолмен өмір қозғалысын әсерлендіру. Өмір ізімен әлгі шығармасы арада жүз жыл өткенде қайта қозғалысқа келіп тұрса, мақсаттың орындалғаны.
Адам өлім ырқында болғандықтан, ет пен сүйектен жаралғандықтан, өлімнен арашалап қалар жалғыз ғана мүмкіндік - өз шаңының артынан мәңгілік болуы мүмкін бір нәрсе қалдыра алу.
Аударған: Фараби Арыстанбек
Сурет: culturacolectiva.com