- Негізгі бет
- Көкжиек
- Жазушылардың жазу ерекшеліктері...
Жазушылардың жазу ерекшеліктері
"Жазушы үшін өз заманының шежірешісі болу - бақыт" - деп Бальзак айтқан пәлсафалық сөздің аясында тағатсыздана отырып табандылықпен жұмыс істеген жазушылар бар. Өзі өмір сүріп отырған дәуірдің адамдарымен де, өзінен кейін келетін ұрпақпен де сөйлесе алатын осы бір терең ойлы тірі пенделер бір кітапты жазу барысында қандай қадамдарға бармады дерсіз. Тіпті, сыртынан қарасаң, күлкілі көрінетін қылықтарды жасапты.
"Бұрындары кітапты жазушылар ғана жазатын да, бәрі оқитын. Ал қазір кітапты бәрі жазуға бар да, оқырман жоқ" -деп айтқан Оскар Уайльдтің сөзі еріксіз ойға оралады. Әрине, бұл сөздің мағынасын, не болмаса бағыт-бағдарын ауыстырғалы отырған жоқпыз. Бар болғаны, бұрынғы жазушылардың машахатпен, маңдай термен жазған сүбелі туындыларын жұртшылықтың таласа-тармаса оқуы сол бір қызық қасиеттері мен тың бастамаларына да тікелей байланысты болуы мүмкін ғой.
Ұлы Ғабит Мүсірепов ғажайып шығармаларын қарындашпен жазып, көп сөздердің орнын жиі ауыстырып отырған.
Шерхан Мұртаза кәдімгі шәрікті қаламмен жазған. Түні бойы қолмен жаза отырып, бір жазғанын еш өзгертусіз машинкаға жіберуге тырысқан. Көбіне үй асханасының бөлмесінде отырып жазғанды жақсы көреді.
Лев Толстой бір жазған дүниесін төрт рет, бес рет, тоғыз рет жазғанды жақсы көрген. Және бір шығарманы жазбас бұрын бөлмесінде ары-бері түрегеп жүргенді ұнатқан. Сосын великпен серуендеу шабыт сыйлайды деп есептеген.
Вирджиния Вулф түрегеп тұрып шығармаларды дүниеге әкелген. Оның үйінде 30,479 см ұзындыққа тең 106,24 см биіктіктегі жазу үстелі болған. Оның үлкен болғандығы сондай, жазушы жұмыс істеу барысында түрегеп тұруға мәжбүр болыпты-мыс.
Чарльз Диккенс өмір бойы солүстікке қарап ұйықтапты. Және кез келген шығармасын жазбас бұрын солтүстікке қарап отырып, ой бағдарлап алған деседі.
Хемингуэй ресторан, кафелерде тікесінен тік тұрып жаза беретін-міс.
Асқар Сүлейменов болса, немістің атақты классиктерінің туындыларын қосып қойып, түтін толы бөлмеде шығармаға ден қойған дейді.
Әкім Тарази мен Мұхтар Мағауин шығармаларын бірден машинкаға жазып келеді екен.
Мари-Франсуа Аруэ (Вольтер) біруақытта бірнеше шығарманы жаза берген деседі. Көңіл-күйіне байланысты кез келген қолжазбаны алып, жалғастыра беріпті.
Ал Оноре де Бальзак қараңғыда жазуды ұнатқан. Тіпті күндіздің өзінде перделерді жауып, майшаммен отыруды көңілі қалаған. Ең қызығы сол, 18 сағат бойы жұмыс барысында халат киетін болған.
сурет:pinyaskinatagmailcom.blogspot.com
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига