Жазу пайда болғалы адамзат жазудан арылған емес. Кез келген жерде адам жазады. ХХІ ғасыр есік ашып келген күннің өзінде қалам мен қағазға тәуелді болмасақ та жазамыз: пернетақтада отырып экранға үңіліп жазамыз. Ендеше жазу деген адам өмірі үшін маңызды құралдардың бірі. Бұл кез келген адамның жазу мәселесіне байланысты түсінік. Ал енді жазушылар не үшін жазады? Ойланып көрдіңіз бе? Неге шығармашылықпен айналысатын адамдар жазуды әдетке және белгілі бір табыс көзіне айналдырады? Қарапайым қызметкер күніне 3-4 сағатын жазу жазуға одан қала берді құжаттарға қол қойған кезде жазбаса үнемі жазу үстінде болмайды. Ал жазушы күндеп, апталап тіпті жылдап жазады. Жазғанын сызып тастап қайта жазатындары қанша ма. Неге? Жазушы Джордж Оруэлл былай дейді: 5-6 жасым болса керек, іштей ойлайтынмын, өскен кезде жазушы боламын деп. Бірақ 17-20 жас кезімде бұл ойымнан бас тартқым келді. Бірақ бәрбір жазатынымды білдім. Дәл осылай деген жазушы 1946 жылы Мен неге жазамын атты эссесін жазып шықты. Онда ол төрт ерекшелікті атап көрсетеді: 1. Өзімшілдік. Сен өмірден өткеннен кейін де сені адамдар еске алу үшін. Бала күніңде таяқ жеген немесе қорлық көрген жауларың сені жақсы көрсе және сені көре алмай өздерін қараласа. Осы секілді түрлі өзімшілдіктер. 2. Эстетикалық шабыт. Сөзді құбылту арқылы ләззат алу. Дыбысты ойнату, сөзді сөзге байланыстырып, ойыңа келгенде жасай отырып, үлкен дүние жасау. Әр нәрсеге басқа қырынан қарау және соны халыққа жеткізу. 3. Тарихи көзқарас. Өткенге оралып нақты ақиқатты ұрпаққа қалдыру. Көздерін ашуды мақсат қылу. 4. Саяси мақсат. Жазудың саясатқа тікелей қатысы болмауы мүмкін, бірақ бәрі керісінше болды. Жазу арқылы тұлға ретінде қалыптаса отырып, саясаттанушы соның қазанында қайнайтын сорпа болуға болады. Дженнифер Иган: Мен жазбасам ауырып қаламын. Бірдеңе жетіспейтіндей болып тұрады. Жазбауға тырысып көрдім, бірақ жағдайым нашарлап кетті. Бұл маған тағдырдан келген табиғи дарын. Ендеше оны қапаста ұстауға болмайды. Жазушы және жазу екеуі бір түбірлі сөзден шыққан ерекше ұғым. Бірі дарын, бірі құрал. Екеуі ұштасқан кезде дарын иесінің қолынан қоғамға пайдалы құрал пайда болады. Ал оны адамдар пайдаланады. Сіз не үшін жазып жүрсіз?