Дэн Баннино – Италия фотографы. Ол түрлі идеяға негізделген суреттерді түсіріп, жаңа дүние ойлап тапқанды жақсы көреді. Сонымен қатар Дэн үй жануарларын өз қамқорлығына алып, оларды суретке түсіргенді ұнатады. Фотографтың айтуынша, осыдан бір жыл бұрын ол ит асырап алған. Содан кейін оның өмірі күрт өзгерген.
Дэн: «Мен ит асырап алған сәтте, қаншама иттің дала кезіп, азық іздеумен жан бағатындарын түсіндім. Одан соң қолымның қысқалығына қарамастан, шамам келгенше үй-күйі жоқ үй жануарларына арналған баспаналарға жиі-жиі ат басын бұрып, көмектесе бастадым. Мен өзімнің итім Розкомен бірге өмір сүре басағаннан кейін, олардың мінез-құлқына, сөйлей алмайтын қабілетіне тәнті бола отырып, көз алдыма қолына қалам ұстаған жазушыларды әкелдім. Себебі, менің ойымша, олар екі түрлі жаратылыс болғанымен, бір жағдайда өмір сүреді».
Осылайша, Дэн Баннино «Poetic Dogs» атты сериялы фотосурет жинағын шығарады. Оған фотографтың ең сүйікті жазушылары енген. Бұл жинақ 2014 жылдың маусым айында басталып, желтоқсан айында аяқталған. Төменде «Poetic Dogs» фотосурет топтамасы.
Эрнест Хемингуэй
Лев Толстой
Марк Твен
Чарльз Диккенс
Данте Алигьери