Жазушылық машық: Сьюзен Зонтаг, Джек Керуак пен Марк Твеннің жұмыс тәртібі туралы
Хемингуэй тікесінен тұрып жазса, Набоков каталогтық карталарды қоданған, ал Воннегутке шарап арқылы қанат бітсе, Мураками спортпен шабыт шақырады-мыс. Бүгін біз сіздерге танымал жазушылардың жұмыс тәртібі туралы, неден шабыт алғаны, неден қашып және жазу мәтінін жандандыруда қандай тәсілдерге барғандығы туралы айтатын боламыз. Көз жүгірте отырыңыз.
* * * *
Сьюзен Зонтаг
1977 жылы Сьюзен Зонтаг өз күнделігінде жұмыс тәртібінің бірнеше қатал ережесін келтіре кеткен: сағат сегізге дейін ұйқыдан тұрмау, кешкілік оқуды шектеу, Роджер Страуспен бірге ғана түскі ас, әр күн сайын блакнот бетіне түртіп отыру.
Алайда, араға жиырма жыл салып барып берген бір сұхбатында жазушының аталған тәртіптерге бағынбай, одан бөлек те жазушылықтан өзге ғылым салалары қызықтырғанына көз жеткіземіз. Бұл сөзімізге дәлел ретінде сұхбаттасып отырған журналистің әр алуан тақырыптағы тематикалық кітаптарды баса назарға алғанын айта кетсек болады: Шопеннің биографиясы асхана этикетімен қоңсылас жатқаны, Цветаеваның өлеңдерімен бір қатарда сәулет өнері туралы оқу құралдары тұрғаны.
Осы арада Зонтагтың жазушылық өмірін жалғыздықта өткізе алмағанымен, жұмысқа кірісерде жүйрік шабытпен отырғанын байқаймыз:
"Мен үлкен қойын дәптердің ақ немесе сары қағаздарында фломастермен, кейде карандашпен жазамын - американ жазушыларының тұмары іспетті. Маған асықпай қолбен жазған жұмыс ұнайды. Кейін мәтінді теріп, кей жерлеріне белгі қойып отырамын. Машинкада теріп, бір жағынан сол жерде қолмен түзетулер енгіземін. Жазғанымды қалай жақсартарымды білмейінше, жазу үстінде боламын. Бұрын солай болған еді.
Арада бес жыл өткенде өміріме компьютер келді. Жазғанымның екінші немесе үшінші нұсқасы компьютерге түсіп, бұрынғыдай түгелімен көшіріп жазбай-ақ, принтерден шыққан қағаздарды сол тұста қолмен түзете беремін.
Мен секірмелі түрде жазамын. Міндеттеп, талап ете отырып жазамын. Өйткені, бір кереметтің басымда жатқанын және жаза алатынымды біліп, өзіме деген қысым мен сенімділік артады. Жұмысқа бел шеше кіріп кетсем болғаны, барлық нәрсені естен шығарамын. Үйден мүлдем шықпай қоямын, тіпті, тамақтануды да жиі ұмытып кетемін, аз ұйықтаймын. Бұл бір жұмыс тәртібінің жүгенсіз кеткен түрі, сондықтан да болса керек, өнімділік аса мәз емес".
Эрнест Хемингуэй
Хемингуэй болса тікесінен тұрып африкалық антилопаның терісі үстінде жазатын болған. Теру машинкасы кеуде тұсында орналасса, сол жақ шетінде қағаз бумасы жайғасқан. Жазушы оларды тақтай үстіне түсіріп, қолмен жазатын. Жыл артқан сайын қол жазуы үлкен әрі баланыкіндей бола түскен, ал өзі алғашқы әріптер мен пунктуация ережелерін ескеріп жатпаған. Жазылған дүниелерді машинканың оң жақ шетіне қойып отырыпты.
Әңгіме желісі оңайлыққа түсіп жатса немесе жай ғана диалогтардың бір бөлігін жазу керек болса, бірден теруге көшкен. Сол тұста өнімділіктің күнбе-күнгі тәртібі тұрған: жазушы әр күн сайын қанша сөз жазғанын түртіп отырған (сөз саны 450-ден 1250-ге дейінгі аралықта құбылған).
Хемингуэй өз кәсібіне поэзиямен бір деңгейде және прагматизммен қараған:
"Кітаппен немесе оқиғамен жұмыс жасауды әр күн сайын таңның алғашқы шұғыласынан бастаймын. Суық әрі салқын болса да, ешнәрсе кедергі келтіре алмайды, жұмыс үстеліне отырасың да, жаза бастағанша жылынып аласың. Жазғаныңды оқып шығып, эпизодтың ары қарай немен жалғасатынын біле отырып, жаза бастайсың. Бойда күш барда және жазатыныңды ойластырып қойған жерге дейін жазып шығасың да, жалғасын табатын ертеңгі күнге дейін дамылдап, өмір сүре тұруға тырысасың. Шамамен, таңғы сағат 6-дан бастап түске дейін жұмыс жасадың немесе ерте бітіріп қойдың.
Бітіргеннен кейін, бос қалғанын соншалықты, соншалықты бос қала отырып толысқан секілдісің, құдды сүйікті адамыңмен махаббатпен айналысқандай әсерде қаласың. Ешнәрсе де саған тиіп кета алмайды, ешбірі де опындырмайды - жұмысқа қайта отырғанша ертеңгі күнге дейін".
Харуки Мураками
Мураками "дені сау денеде дені сау рух" көзқарасын ұстанады. Ол әр жыл сайын марафонға жүгіріп, ультрамарафон мен триатлонға қатысып тұрады.
Жазушылық өмір мен отырып қалу өмір танымы денесі, денсаулығы туралы ойландырып, жүгіруге алып келген. Ал жүгіру өз кезегінде қаламгерлік атрибутқа (анықтауыш) саналатын шылым тартуды тастауға септескен. "Жүгіру туралы айтқанда, мен не туралы айтайын" кітабында Мураками жүгірісті әдебиеттің машақатымен салыстырады. Екеуінде де басты нәрсе - межеге жету. Және осы тұста жаттығуда, тиісінше жұмыс үстелінде концентрация мен төзімділік қажет екен.
"Әңгіме жазуға бел буғанда, таңғы сағат 4-тен бастап оянып алып, 5-6 сағат жұмыс жасаймын. Күндіз 10 шақырым жүгіріп аламын немесе 1,5 шақырымға жүзуге бет аламын, сосын кішкене кітап оқып, ән тыңдаймын. Кешкі сағат 9-да ұйқыға жатамын.
Мен әр күн сайын осы тәртіпті бұзбастан ұстанып отырамын. Өздігінен қайталану - маңызды нәрсе; гипноздың беймәлім бір формасы іспетті. Жан-жүректің терең қалпына түсу үшін, мен өзімді гопноздап аламын".
Рэй Бредбери
Ғылым фантастиканың классигі саналатын Рэй Бредбери Paris Review басылымына берген бір сұхбатында өз жанрын идеясы үшін сүйетіндігін және әзірге жүзеге аса қоймаған жанрдың болашақта "мүмкін болмақ өнердің" түрінен саналатынын айта кетіпті. Ол әдебиеттің бұл түрін Персей мен Медуза туралы мифпен салыстырған: шындықтың көзіне тіке қараудың орнына, сіз оған арқа жағыңыздан және айнадан қарап көз жеткізесіз. Сол арқылы "ауытқыған қиял көрінісін (видение)" орындайсыз (фантастикаға баланғанмен және болашаққа бағытталғанмен, бірақ, актуальды дүниенің көрінісін береді).
Таңғалмай-ақ қойыңыз, фантастикаға бағыт алған мұншалық махаббат жазушының "рахаттана жұмыс жаса" қиғадасын қалыптастырған болып отыр:
"Сезім ауаны мені әр күн сайын жазу машинкасына тартады да тұрады. Әлгі сезім ауаны 12 жастан бері мені басқарумен келеді. Сондықтан, менде күн тәртібін ойластыру турасында бас қатырулар болып көрген емес. Ішкі жан-дүниемде тың идеялар туылуда, олар мені, ...керісінше, қалыптастыруда. Құлақтың түбіне келіп сөз алғандай: тез машинканың алдына отыр да, жұмысты бітір.
Мен кез келген жерде жұмыс істе аламын. Мен Лос Анджелесте кішкентай үйде ата-анам мен бауырыммен бірге тұрғанда да, жатын мен қонақ бөлмеде болсын жазатынмын. Қонақ бөлмеде у-шудың ортасында отырып, ата-анаммен бауырымның салғыласуы және радионың жан айқайы болсын, жазып отыра беретінмін.
Кейіндеу, «Фаренгейт бойынша 451 градус» еңбегін қолға алған уақытта Калифорния университетіне ауысып бардым, сол жерден жертөледен жазу бөлмесін тауып алдым. Егер машинкаға 10 цент тастар болсаңыз, теруге жарты сағат берілетін.
Бір жыл бұрын, бес жыл, он жыл бұрынғы аяқталмай қалған оқиғалар мен идеялар түскен қағаздарды сақтап жүремін. Кейіндеу оларға қайта оралып, тақырыптарына көз жүгіртемін. Құрт үшін ұясына қайта оралған құс секілдімін. Мен осы бір аш тұмсықтарға қараймын - аяқталуын күткен оқиғалар - және өзімнен сұраймын: сіздердің қайсыларыңызды тамақтандырсам болады екен? Бүгінге қайсысын бітірсем? Биік дауысы шырқау көкке шыққан, аузын арандай ашқан оқиғаны тамақтандырамын. Қажетті қағаздардың ішінен суырып ала қоямын да, бірнеше сағаттардыің ішінде жазып тастаймын".
Джек Керуак
Жазушы Paris Review басылымыне берген сұхбатында өзінің жұмыс тәртібі туралы әзілдей отырып айтқан.
Корреспонденттің естелігіне көз жүгіртсек, Керуактың әйелі оға үй есігін ашпаған, ақырында бір ғана келісіммен балаларымен көрісуге рұқсат етіпті: ешқандай ішкіліксіз. Соған қарамастан, жазушы журналистермен бірге ішуін жалғастырып, бір жолы әңгіме арасында емен-жарқын ашықтықпен "Жолда" ("В дороге") романының стиліне Гете мен Достоевскийдің әсер еткенін және редакторлардың бірде-бір сөзін өзгертуіне рұқсат бермейтіндігін, шеберлік емес, сезімнің маңызды екенін алға тартқан көрінеді.
"Ертеректе менде бір салт болды - мен шам жағатынмын, соның жарығында жазып, біткен тұста өшіре қоятынмын (мен осы бір салтты Георг Фридрих Генделге арналған франуз фильмінен көрген болатынмын)...
Бірақ, қазір мен жазуды жек көремін. Менің нанымым? Мен айдың толған сәті туралы ойлана бастаймын. Соған қоса 9 санын көз алдыма оралтамын, дей тұрғанмен Балықтар "7" санын жақсы көреді дейді ғой. Мен күніне 9 рет иілуге тырысамын, ваннада дәл аяқ-киімнің үстіне баспенен тік тұрамын, сосын тепе-теңдікті ұстай отырып, аяғымның саусақтарын жерге 9 рет тигізуге ұмтыламын. Былайша айтқанда, бұл салмақты йога, атлетикалық трюк. Бұдан кейін мені байсалды емес деп айтар. Шындығына келсек, басымның басқаша жұмыс жасай бастағанын сеземін.
Жазу үшін ең тиімді жағдай: үстелдің төсек қасында тұруы, жақсы жарық, түннен таңға дейінгі уақыт, ішкілік (егер шаршасаң), дұрысы үйде, егер үй-жайыңыз болмаса, қонақүйдің бір бөлмесін айналдырып алыңыз. Онда сізге тыныш болуға тиісті".
Симона де Бовуар
Симона де Бовуар 1965 жылы бір сұхбатында азап шегуші данышпен туралы мифті айтып беріпті. Сосын ол қулығы жоқ күн тәртібін, және де жаман қол жазуы мен кейіпкерлердің аты-жөндерін телефон кітаптшасынан қарайтындығын, ең артынан, өзінің бүкіл кейіпкерлерін айналадағы өмірден көшіріп алу сырып бөлісіпті.
"Мен әруақытта жұмыс істеуге құлшынып тұрғанмен, соған қарамастан жұмыстың алғашқы сағаттарын ұната бермеймін. Алдымен шай ішіп алам да, артынша 10 сағатқа жұмыс үстеліне тапжылмай отырып, өнімділікті сағат сайын арттыруға тырысамын. Сосын, достарыммен кездесіп, сағат 5-терге жуықтап қалғанда жұмысқа қайта оралып, 9-ға дейін айналысамын.
Менде әңгіменің желісіне қайта оралуда қиындықтар болып көрген емес. Үзіліс аралығында газет оқуға, дүкен аралауға кірісемін. Көбіне жұмыстан ләззат алып отырамын.
Егер жазғаным дау туғызып жатса, онда 15-30 минутымды мәтінді бір қайтара оқып шығуа жіберемін. Күндіз жазғаныма азғантай өзгерістер енгіземін. Сосын тоқтаға тұстан қайта жалғастырамын. Сюжеттік желіні қайта табу үшін, маған жазғанымды бір оқып шықсам жеткілікті.
Курт Воннегут
Курт Воннегуттің тәртіпке келтіру күні 1965 жылғы әйеліне жазған хатынан көрініс табады.
60-жылдардың орта тұсында Воннегутке Айова Университетінің ұстаздықтың лауазымды қызмет түрі бұйырады. Сонда көшіп барып, отбасы Кейп-Кодеде қалып қояды. Жазушы бұл айырылусуы туралы, Айовада өткен күндері жайында кейінірек көптеген хаттар жазған. Солардың бірінде жазушылық еңбегі туралы сырын әйелімен бөліскен екен:
"Үйден жырақта жүрген өмірімде ұйқы мен аштық, жұмыс барысы менімен ешбір санаспай, өздгінен түзілді. Олардың менен жалықтыратын майда-шүйделерді сұрап жатпайтыны қуантады. Ойластырғандарын қарашы: мен сағат 5:30-да тұрып, сағат 8:00-ге дейін жұмыс жасаймын, үйде тамақтанамын, 10:00-ге дейін жұмысты жалғастырамын, кішкене қалаға серуенге шығамын, берілген ұсақ-түйек тапсырмаларды орындаймын, жақын жердегі бассейндердің біріне бас сұғамын, жарты сағат жүземін де, 11:45-те үйге ораламын, корреспонденцияны оқимын, талтүсте тамақтанамын.
Күндіз сабақ беремін немесе сабақтарға дайындаламын. Үйге шамамен сағат 5:30-дарда қайтамын, сосын миды демалдыру үшін скточқа су қосу арқылы, ұрттап аламын (шарап түрі), ас дайындаймын, кітап оқимын және джаз тындаймын (радиодан осы уақытта көп жақсы әндер беріледі), 10:00-де ұйықтауға бет бұрамын.
Мен әруақытта жаттығу жасап, пресс шығару жаттығуларын жасап тұрамын, артынша өзімнің бұлшықетті әрі азған күйімді сезінемін (мүмкін, бұл өтірік те болуы мүмкін).
Өткен түні менің денем мені киноға баруға итермеледі. Мен "Шербург қолшатырларын" фильмін көрдім де, жүрегіме жақын алып қалдым. Мұның бәрі үйде алшақта жүрген орта жастағы ер адам үшін жанға батарлық жайт-ақ. Иә, мақұл-ақ болсын, жаралы жүрекпен жүру маған ұнайды".
Марк Твен
Твеннің балаларға арнап өлең мен ертегі жазғанын білмеген боларсыз. Бұл жазушы оқырмандарға өткір, нанымды жауап-пікір беретін автор ретінде қалыптасқан (хаттарға берген жауабы бір кітап болып басылды).
Сонымен қатар, жазушының жұмысқа деген ықылас-пейілі атақты дәйек сөздерінен (афоризм) көрінеді: "Мейірімді болу - ұлы іс. Ал өз жақсылығын жұртшылыққа айтпай, құпия сақтаған адам одан да ұлы".
"Ол ертеңгілік таңғы астан соң кабинетіне кірді де, кешкі асқа дейін сонда отырды. Яғни 5 сағатқа жуық. Ланч уақыты келіп жетсе де, отбасы оны мазалауды жөн көрмеді - олар егер жазушы қажет болса, онда есікке таяп барып сыбызғы тартатын - ол қалыптасқан әдет бойынша бірнеше сағаттар бойына үзіліссіз жұмыс жасаушы еді.
Кешкі астан соң жазғандарын отбасы мүшелеріне оқып берді. Тыңдармандардың болғаны ұнайтын және осы бір кешкілік көрініс отбасының көңілінен шығып тұратын. Жексенбі күндері жұмыс жасамайтын, оның орнына әйелімен, балаларымен демалатын, кітап оқып, талтүсте үй ауласында ұйықтағанды жақсы көретін. Жұмыс жасалсын-жасалмасын, ол үнемі темекісін аузынан тастамайтын".
Владимир Набоков
Көбелектерді жақсы көріп, клишені жек көретін Владимир Набоков ерекше жазушылық машығымен танылғандардың қатарында.
Жұмыс барысында ол өзінің систематизация мен классификацияның (лепидоптерологияға қызығушылығына тікелей байланысты) ғылыми тәсілін пайдаланатын. Айтпақшы, оның көбелектердің бір түрінің эволюциясы туралы теориясы ғалымдар тарапынан мақұлданған болатын. "Суретші және ғалым ретінде талдап қорытудың (обобщение) нақтылы детальдарын дұрыс санаймын, образдар - идеялармен, анық сиволдар - белгісіз деректермен, және де жабайы жеміс-жидектер - синтетикалық джеммен".
Оның ұзыннан-ұзақ сөреде сақтап келген каталожды карточкамен тәртіптелген қол жинағы болған. Кейіндеу, Набоков бір сөзінде әңгімені жаза бастағаннан-ақ оны түгелімен түзіп шығатынын, артынша осы бір тәсіл арқылы өзіне қалайлы тұстарда парақтардың орнын ауыстыра қойып, кітап желісін өзгертетінін айтқан. Мәселен, дәл осы бір тәсіл арқылы "Лолита" шығармасын көлігіне жалғанған артқы бөлікте жазып шыққанын, сол тұста өзіне жайлы тигенін, ешқандай артық шудың болмағанын айтқан.
Жұмысы бірнеше айға созылған соң, аталған карточкаларды әйелі Вераға тапсырып, ал ол өз кезегінде бірнеше рет қателерін жөндеп тұратын болған.
Cурет: www.brainpickings.org
Дайындаған: Фараби Арыстанбек