Джон көшеде өзінің жан досы Макпен жолығып қалды. Досына: «Мен бір шешілмес іске жолықтым, шынымды айтсам, қайтерімді де білмей қалдым!» деді.
«Нендей іс? Біз бал жаласқан достармыз, қандай әурелі іске жолықсаң да, жан досыңа тіс жармасаң бола ма, бәлкім бір амалын табуға көмегім тиіп қалар?!» деді.
«Махаббат отына күюдемін» деді Джон.
«Игі іс екен ғой, оған несін әрі-сәрі боласың?» деп сұрады Мак досынан.
«Екі бойжеткенді де ұнатып қалдым, бірі керімсал сұлудың өзі, бірақ ол кедей. Енді бірі көз сүріндіретін сұлу емес, бірақ өте бай тұрады. Сен айтшы, қайсысының соңынан ерсем жөн болады?»
«Әрине, керімсал сұлуды таңда. Осы күнде ақша деген табылады емес пе?!» деп қатқыл жауап қатты Мак.
«Жарайсың! – деді Джон, - Ақыл айтқаныңа рақмет!» деп жүріп кетті.
«Тоқтай тұршы, Джон, әлгі қалталы бойжеткеннің мекенжайын айтып берсең бола ма?» деп айғайлады Мак.
Марк Твен
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: picnic.com