- Негізгі бет
- Көкжиек
- Жадыңыз жақсы болсын...
Жадыңыз жақсы болсын десеңіз, кітапты көп оқыңыз
Австралиялық ғалымдар адамдардың ұмытшақтығы турасында онлайн-зерттеу жасады. Анықталғандай, жадты сақтау үшін теледидарды аз көріп, сөзжұмбақтарды көп шешу керек екен...
Үлкен көлемде жүргізілген сынақта ("National Memory Test" ) анықталғаны, 30-ға жуық австралиялықтың көркем әдебиетті оқығандықтан, есте сақтау қабілеттері өте жақсы дамыған. Ал ішімдік пен зиянды дүниелерге жақын жүретін адамдар керісінше азап тартатын болып шыққан-ды.
Және есте сақтау қабілетінің нашарлауына теледидардың да үлесі бар екені анықталып отыр. Алайда, анау айтқандай зиянды болып шықпады. Осы сөзді нейропсихолог Ненси Пахана растай келе, адам жады туралы өз көкейінде жүрген ойларын ортаға салды:"Жақсы жады үшін жақсы тамақтану мен салауатты өмір салтын кешу керек. Және белсенді өмір сүру ләзім".
Сонымен қатар Пахана теледидарлардағы кейбір бағдарламалардың адам жадына пайдалы екендігін атап өтті. Мәселен, адамның таным-көкжиегін кеңейтетін жобалар кез келген адамдың есте сақтау қабілетін арттыруға сеп болатынын тілге тиек ете кетті.
Онлай-зерттеудің интернет ішінде ғана қамтылғанын ескерсек, онда адам жадына зиянын тигізетін бейберекетсіз қылықтардың қаншамасы бұғып қалғанын ескеріңіз.
Сурет:lifesimple.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига