1897 жылы Одессада Иехил-Лейб Файнзильберг есімді ұл дүниеге келді. Жас баланы "Он екі орындық" пен "Алтын баспақ" атты әйгілі романдарды Евгений Петровпен бірлесе жазу күтіп тұрған еді. Жазушының әдебиеттегі бүркеншік аты "Илья Ильф" болатын.
"12 орындық" романының үшінші авторы Евгений Петровтың ағасы - Валентин Катаев. Күлкіге толы шығарманы дүниеге әкелген де сол болатын. Катаев болашақ авторлардың басын қосып, шығармашылық дуэтіне түрткі болды. Достар романды жазуға кіріскенде, Катаев Батумға сапарлап кеткен екен.
Мәскеуге келісімен, әдебиеттегі әріптестердің жұмысы алға басып жатқанына көзі жетеді. Өзінен көмек керек болмаған соң, Катаев шын ықылас-пейілімен "Он екі орындықтың" авторлық құқығын толыққанды соларға береді.
Евгений Петров пен Илья Ильф те Одессада туылғандар. Дегенмен, тағдыр оларды Мәскеу төрінде "Он екі орындықты" жазу алдында ғана жолықтырған. Не десек те, олардың шығармашылық тандемі сәтті шығып, тіпті, Ильфтің қызы ақырында өзінің «Ильф пен Петровтың» қызы екенін айтқан деседі. Александраның осы тұста олардың шығармашылық мұраларын жарыққа шығаруда көп үлес қосқанын айта кеткіміз келеді.
Жазушы достар бірінші кітапты жарыққа шығарғанда, серіктес авторлар оларға мағынасы астарлы сыйлық үлестірген көрінеді. Бұл – алты бірдей «Наполеон» тәтті тоқашы бар қорап. Цехтағы әріптестер сол арқылы жазушыларға Конан-Дойлдың "Алты Наполеон" атты еңбегін меңзеген екен. Себебі, "Он екі орындықтың" кейбір желісінен Конан-Дойлдың еңбегіне ұқсастық байқалған.
Роман көп елде бірнеше рет экранизацияланды. Бір айта кетерлігі, 1938 жылы жарыққа шыққан немістердің нұсқасында оқиға орнына Аустрия таңдалып, Остап Бендер Алоис Хофбауэрге, Киса Воробьянинов Феликс Рабеге ауыстырылған-ды. Орындық саны он үш болып, Ильфтың еврейлік шығу тегіне байланысты титрға шығарылмай тасталынады. Өзіңіз білетіндей, оқиға нацистік Германияда өрбіп жатқандықтан.
Романның алғашқы тиражы «Жер мен фабрика» баспасымен жарыққа шыққан. Аталған баспаның ай сайын бір рет жарыққа шығып тұратын "30 күн" журналы "Он екі орындық" романының бастапқы бөлімін баспа бетінде жариялайды.
Жазушыларға романға толық құқық бере отырып, Валентин Катаев бір ғана міндетті шартты алдарына қойған - олар оған "12 орындықтың" басылымын арнап тұруға міндетті. Сондықтан, романның бірінші бетінен әр уақытта мына бір жазуды ұшыратасыз: «Валентин Петрович Катаевка арналады».
Евгений Петров Ильфпен таныспастан бұрын, бірлесіп жұмыс жасамай тұрып, Катаев тегімен біршама уақыт қылмыстық іздеуде жүреді, арада өзін Бутыркедегі абақтының қараушысы (надзиратель) ретінде байқап көруге талпынады. Туысы Валентиннің арқасында мұнысы жүзеге аспай, бірақ, іздеуде жиналған мол тәжірибе оның бүкіл шығармашылығында көрініс табады.
Ильф пен Петров романда көрнекті суреттеген шахмат конгрессі шын мәнінде өмірде орын алған жайт екен. Ирландияның тумасы Дерек Леман жұмыссыз жүрген уақытында өзін "орыстың атақты гроссмейстері Царицын" етіп таныстырады. Елу шақты доскада бір уақытта ойын сеансын өткізуге талпынып, он төртінші партияда қалтылдап жеңіліске ұшырап жатқанда, шахматшылардың бірі айласын әшкере қылған.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: milcuentosrusos.blogspot.com