"Менің ғаламшарым" ескі суреттерде не болып жатқанын баяндайды. Бұл Эрнест Хемингуэйдің мысықтармен түскен жалғыз суреті емес. Бұл мысықтардың тұқымы әлі күнге дейін жазушының Ки-Уэст аралындағы (Флорида штаты) үйінде өмір сүреді. Ол үйде 1964 жылы жазушының мұражайы ашылған болатын.
Колониаль стиліндегі және тропикалық бақпен қоршалған жүзжылдық саяжай – Хемингуэйдің кезінде "Мысықтар жұмағы" болған. Болашақта да солай болады. Қазіргі таңда үй айналасында жүретін 60-70 мысыққа бәрі де рұқсат етілген. Олар кез-келген жерде жүре алады. Үстелде, шкафта, диванда серуендейді. "Ұстауға болмайды" деген жазуы бар экспонаттардың қасында ұйықтай алады.
Саяжайдың аумағында арнайы тамақтандырғыш пен ішуге арналған субұрқақ орналасқан. Жаңа туған мысықтарға атақты адамдардың есімі беріліп отырған. Ал, өлген мысықтарды арнайы молаға жерлеген. Әр өлген мысықтың тақтасына аты мен өмір сүрген жылдары жазылған.
Осы оқиғаның барлығы Хемингуэйдің өмір сүрген кезінде де болған және жазушының қалауымен өзі өлгеннен кейін де сақталған. (1961) Мұражайдың бюджеті мысықтардың тамағына, күтіміне кететін ақша мөлшерін есептеп отырады. Мысықтардың осы жерде болуы өте маңызды, өйткені, мұражай қонақтары осы мысықтарды көру үшін келеді екен.
Осы "Мысықтар жұмағының" тарихы 1935 жылғы Капитан Стенли Декстердің жазушыға сыйлаған Сноубол есімді ақ мысығынан басталды. Бастысы ол мысықтың алтытырнақты болуы. Ал ондай мысықтар теңізшілер мен балықшылардың түсініктерінше «сәттілік тұмары» болып есептеледі.
Қазіргі мысықтар Сноуболдың ұрпақтары. Бойларында алтытырнақтылықтың (полидактимия – көптырнақты) гені бар болғандықтан, көбі алты, жеті, ал, кейбіреуі сегіз тырнақты болып келеді. Қазіргі таңда полидактимия мысықтарды "Хемингуэй мысықтары" деп атайды.
Әрине, жазушы осы тұқымды әдейі көбейтпегені рас. Жай ғана Сноуболдың өмірге әкелген ұрпақтарын бағып-қағып жүрген болатын. Ал, ол үрдіс жылда қайталанып отырғаны тағы бар. Сөйтіп осы тұқымның саны көбейді.
Хемингуэй өзінің қатігез бейнесіне қарамастан, мысықтарға ерекше мейірімділік танытқан. Мысықтарды отбасының жылуы деп білген. Оған дәлел ретінде оның ертеректе жазған (20-шы жылдарда) "Жауын астындағы мысық" әңгімесімен сол жылдары мысық асырайтын қаражат жоқтығы туралы айтқанын келтірсек болады. Кейіннен 1-2 жылдан кейін отбасында Ф.Кис есімді мысық пайда болып, баласы Бомбидің қасында бірге жатып жүргені туралы жазған. Оған қоса ол балаға ешкімді жолатпайтын. («Өзіңмен бір жүрер мереке» («Праздник, который всегда с тобой»)).
Өзінің өмірбаянында жазылғандай ол белгілі жазушы атанып, Ки-Уэсттегі үйді сатып алғанда көптеген мысық асырап жүрген уақыты оның өмірінің ең бақытты шағы еді: "Мысық оның кеудесінде жатты. Оны да, өзін де көрпемен жауып тастап, хат оқып отырған. Анда-санда қызыл шараптан ұрттаған болатын". («Мұхиттағы арал»).