- Негізгі бет
- Көкжиек
- Харуки Муракамидің қанатты...
Харуки Муракамидің қанатты сөздері
Харуки Мураками — атақты жапон жазушысы және аудармашы. Постмодернизм бағытында жазады.
Бірде, 1970 жылдың соңында бейсбол ойыны болып жатқан уақытта ол өзінің кітап жаза алатынын түсінді. Неліктен олай екенін әлі күнге дейін ұқпай келеді. Муракамидің айтуы бойынша: "Мен жай ғана мұны түсіндім – бітті", - дейді. Ол мейманхана жабылған уақытта жалғыз қалып, ақ қағазға төгілте жаза бастаған... 1979 жылы "Жел әуеніне құлақ сал" шығармасының алғашқы бөлімі мен "Егеуқұйрықтар" трилогиясы жарыққа шығып, кейін осы үшін әдеби сыйлыққа ие болған. Біз сіздерге жаңа жапон әдебиетінің жарық жұлдызының кітаптарында кездесетін қанатты сөздерін ұсынып көрмекпіз.
***
Қателіктер өмірдің тыныс белгілері секілді. Олар болмаса, мәтіндегі сияқты, өмірдің де еш мағынасы болмайды.
***
Сезімді сыртқа шығарып үйрену қажет. Әйтпесе, ол іште жатып, қатайып, өледі...
***
Мен бұрын адамдар жәймен есейеді деп ойлайтынмын. Бірақ олар бір мезгілде, бірден есейеді екен.
***
Сіз не десеңіз де адамдар өзі сенгісі келетін нәрсеге ғана сенеді.
***
Егер барлығы тек сенің қалағаныңдай болса, өмірдің еш қызығы қалмайды.
***
Адам үшін үміт – жанармай секілді. Үмітсіз ол өмір сүре алмайды.
***
Мақсат қойылса болғаны - сынақтар мен қателіктер өз-ақ нәтижеге жеткізеді.
***
Естелік деген ыстық болады. Бірі жаныңды жылытса, бірі күл-паршасын шығарады.
***
Бір-бірімізді құшақтағанда қорқыныштарымызбен бөлісеміз.
***
Біздің жадымыз - шынымен бір түрлі нәрсе. Бірнеше тартпасы бар және не болса, сонымен толтырылған шкаф. Артық білім, керексіз ақпарат, сандырақ ойлар оны нығыздап тұрып толтырады. Ал шынымен маңызды нәрсені жарылып кетсең де таппайсың...
***
Жаман естелік адам жанын іштей өртейді, және сол уақта оның күлін көкке ұшырады.
***
Жақсы сұрақтардың ешқашан жауабы болмайды.
Ж. Жұмағұлов