Әдебиеттегі майталман жандардың бірі Харуки Мураками жайлы аз-кем деректерді ұсына кетсек дейміз...
* * *
1. Жапондардың егде тартқандары Харуки Муракамиді «бата-кусай» деп жиі ауызға алып жатады екен. Аудармасы - "қара май" деген ұғымды білдіреді. Себеп, сүт ішпейтін жапондықтар батыстың барлық бірдей тағылымын салт-дәстүрлеріне, мәдениеттеріне жат санайтындықтан.
2. 90 жылдардың басында жазушы Токионың көп коммерциялық телеарналарының бірінде түннің бір уақытысында бағдарлама жүргізіп тұратын болған. Батыстың әні мен субмәдениеті басты тақырыпқа айналып отырыпты.
3. Жазушы кешкісін сағат 10-да жатып, таң азанмен 6-да ұйқыдан тұрады. Дағдыланған.
4. Оның атасы буддизмнің дін қызметшісі болыпты, тіпті, кішкене храмы болған деседі.
5. Мураками тек қана Apple-дың компьютерлерінде жұмыс жасайды. Және үнемі хатшысы екеуінің арасында келіспеушілік туындап тұрады екен. Себебі, хатшысы Windows бағдарламасымен жұмыс істейтіндіктен, көбіне жазушының жіберген құжаттарын аша алмай қалатын көрінеді. Ал жазушы құжаттарды қажетті форматта жолдай бермейтін болып шықты.
6. 1974 жылы Харуки Мураками Токионың Кокубундзи ауданынан өзінің жеке иелігіндегі «Питер Кэт» джаз-барын ашады. Бірінші романы да сол уақытта жазылған.
7. Жазушы джаз музыкасының табынушысы саналғандықтан, бүгінде 40 мыңнан астам джаз әнінің пластикалары қоржынында сақталған.
8. Мураками 33 жасында өз денсаулығына алаңдай бастап, көңіл бөлуге кірісіпті: шылымды тастап, жаттығумен айналыса бастаған. Әлі күнге дейін оның күндік жоспарын бір мезгіл жүгіру мен бассейнде жүзіп тұру құрайды.
9. Харуки Мураками саяхаттағанды қатты ұнататын жан. Сол себептен болса керек, достарымен бірлесе отырып, алыс 2002 жылы саяхатшыларға арналған «Токио сурумэ» клубын құрыпты. Клуб мүшелері әлемнің сыры беймәлім түкпірлеріне саяхат жасап, токиолық басылымдарға арнайы репортаждар жасайтын көрінеді.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: gora-sokrovish.ru