Тюмень облысында Дмитрий Зеленин есімді жас жігіт "Қала әлемі "атты жоба аясында жаңа бастамаға мұрындық болып отыр. Бір топ серігін көмекке шақырған суретшінің бүгінгі таңда бар арманы орындалды десек болады.
Аталған оқу гимназиясының сыртқы әлемі оқу-үрдістен хабар бермек түгілі, оқушылар сұстылығынан ішіне кіруге бас тартатын. Содан кішкентай баласын ертіп жүрген Дмитрий күндердің бір күні ғимартты безендіріп тастау үшін қолынан келетін істерді екшеп көріпті. Және болашақта кішкентай баласының осы оқу ғимаратында оқитынын ескерген екен.
Айта кететін болсақ, АҚШ-тың Канзас-Сити штатында биіктігі сегіз метр болатын 24 кітаптың тізбектеліп, сән құрып тұрғанына біршама уақыт болып қалды. Ұлттың кітапхананың алдында ерекше көзге түсетін кітаптар тізбегі "әдебиет әлемі" деген ұғымды америкалықтардың санасына сіңіріп жатыр.
Сурет:prikol.me
Дайындаған: Фараби Бақыт