Ғибратты сөздер

Ғибратты сөздер
Фото: earth-chronicles.ru

Халықтардың басында болған ауыртпашылықтардың тарихын зерттеген кісі жер бетіндегі бақытсыздықтардың басым бөлігінің надандықтан туатындығына көз жеткізер еді.

К. Гельвецкий

Достарды жаныңызда жүргенде ғана емес, алыста жүргенде де естен шығармау керек.

Фалес

Білмеген нәрсеңді ойдан шығарасың.

М. Горький

Достарыңның мінезін әртүрлі жағдайда сынап көр, әсіресе олардың ашу үстінде қандай екендігін байқа.

Феогнид

Қадірсіз көп достан қадірлі бір дос артық.

Анахарсис

Егер сені ешкім қадір тұтпаса, мұның себебі өзіңде екенін ұмытпа.

Филипп Додридж

Қандай айырмасы бар, кім күштірек, кім ақылдырақ, кім әдемірек, кім бай? Өйткені ақыр соңындағы маңызды зат, бақытты адамсың ба жоқ па?

Ошо

Бақытты кезіңде өз-өзіңе тым сенімді болудың қажеті жоқ, ал қиын күндерде сенімділіктен айрылудың қажеті жоқ.

Клеовул

Не десең де, адамдар өздері сенгісі келген шындыққа ғана сенеді.

Харуки Мураками

Ж. Исакаев