Бұл оқиға Парижде рождество мейрамының алдында болды. Әлдебір жастар концертінен кейін мені Булат Окуджава таныс сазгерінің үйіне ертіп апарды. Ол сазгері – арық келген сақалды француз болатын. Оның үйіне жиналған халық та көп екен, жүрек жалғап алған соң, біз ән айта бастадық. Біз әнді аса қызығушылықпен әрі ұзақ, жалғыз әрі қосыла шырқадық. Сол үйдің көңіл-күйі сондай бір жылы әрі берекелі болатын. Біздің де көңіл-күйіміз сондай тамаша болды, тіпті табиғатымнан тұйық менің өзім қалайша қосылып кеткенімді байқамай қалдым. Кейін батылданып кетіп Абайдың Гетенің өлеңіне жазылған, сөзін де қазақ тіліне Абай аударған "Қараңғы түнде тау қалғып" әнін шырқай бастадым.
– Бұны қазақтың шығарғаны рас па? – деп сұрады қонақтардың арасынан әлдекім. – Әуені еуропаныкіне қатты ұқсайды екен...
Мен күлімсіреп, "Қараңғы түнде тау қалғып" деген Гетенің өлеңіне тиесілі таңғажайып оқиғаны есіме алдым...
Әбдіжәміл Нұрпейісов
Über allen Gipfeln
Ist Ruh,
In allen Wipfeln
Spürest du
Kaum einen Hauch;
Die Vögelein schweigen im Walde.
Warte nur, balde
Ruhest du auch.
(Гете, 1749-1832)
Горные вершины
Спят во тьме ночной;
Тихие долины
Полны свежей мглой;
Не пылит дорога,
Не дрожат листы...
Подожди немного,
Отдохнешь и ты.
(Лермонтов, 1814-1841)
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт, дел-сал қып,
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жол-дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.
(Абай, 1845-1904)
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: xn--80aqafcrtq.cc
"Қараңғы түнде тау қалғып" әнін "Дос-Мұқасан" тобы орындайды