Егер Құдай тіршіліктің қуыршағы екенімді қас-қағым сәтке ұмытып, маған кішкене ғана ғұмыр сыйласа... Онда мен өзімнің не ойлағанымның бәрін айтпай, айтып жатқанымның бәрін ойланар едім. Мен заттардың бағасына қарап емес, олардың адам үшін қаншалықты маңызды екенін ескере отырып, бағалар едім. Онда мен әр минут сайын көз жұмғанда 60 секунд жоғалтатынымызды түсініп, аз ұйықтап, көп армандар едім. Онда мен басқалар бір орында тұрғанда, жүрер едім. Басқалар ұйқыға кеткенде, ұйықтамас едім. Басқалар сөйлеп жатқанда, тыңдар едім.
Тіл үйірген шоколад балмұздағының керемет дәмінен ләззат алар ма едім!!!
Егер де Құдай бір сәттік қана ғұмыр сыйлайтын болса, онда мен қарапайым киінер едім. Күн астында қыдырып, жан жылытқан жылулық үстіне денемді ғана емес, жанымды да қоса қояр едім. О, Құдайым, егер менде жүрек болар болса, онда мен бүкіл өшпенділігімді мұз үстіне жазып, күн шыққанын күтер едім... Онда мен роза тікенектерінің жанымды ауыртуы үшін және әп-әдемі жапырақтарының сүйер алдындағы діріл қаққан еріндері үшін мен оларды көз жасыммен суарар едім. О, Құдайым, егер де менің титімдей ғана өмірім қалар болса, онда мен өзім ең қатты жақсы көретін адамдарға оларды жақсы көретінімді бір күн қалдырмастан айтпастан тұра алмас едім.
Онда мен өзіме қымбат жандардың әрқайсысын көзімде тұрған махаббатқа сендіріп және махаббатқа ғашық болып өмір сүрер едім. Онда мен қартайғанда ғашық болудан қаламыз деп қате ойлайтын адамдарға ғашық болудан қалғанда ғана қартаятындарын түсіндірер едім. Кішкентай балаға қанат сыйлап, өз бетімен ұшып үйренуіне мүмкіндік берер едім. Шалдарға өлімнің қартайғанда емес, айтар ән таусылғанда келеріне сендірер едім.
Мен қаншама нәрсені сендерден үйрендім, Адамдар! Мен әр адамның тау шыңында өмір сүргісі келетінін, ал шын бақыттың түсіп келе жатқан жолда болатынын білмей-ақ өмір сүре беретінін ұғындым. Мен адамның сол адамның төбесінен биікке шығуына көмектескен жағдайда ғана қарауға құқығы бар екенін түсіндім. Және сендерден үйренетін қаншама нәрсе бар екен әлі, адамдар! Шындығына келсек, одан маған келіп кетері шамалы. Өйткені, мені осы бір чемодан ішіне салған уақытта, өкінішке орай, өліп қаламын. Сендерден қаншама нәрсеге үйрендім, адамдар! Шынында да, келіп кетері шамалы-ақ. Себебі, чемодан ішін соған толтырып, мен өлемін.
Әрқашан сезінгеніңді ғана сөйле және ойлағаныңды ғана істе. Егер мен сені бүгін соңғы рет көріп тұрғанымды білсе ғой, онда мен сені құшағымның астына алып, он сегіз мың әлемді жаратқан Құдайдан сенің қорғаушың қып жіберуін өтінер едім. Егер мен сенің есіктен соңғы рет шығып тұрғаныңды білсем, онда мен сені қатты құшақтап, ұзағынан сүйіп және өзіме қайта-қайта шақыра берер едім. Егер мен сенің даусыңды соңғы рет естіп тұрғанымды білсем, онда мен қайта-қайта тыңдай беру үшін сен айтқанның бәрін таспаға жазып алар едім. Егер мен сені соңғы рет көріп тұрғанымды білсем, онда мен мына сөздерді айтар едім: «Мен сені жақсы көремін!»
Әрқашан ертеңгі күн бар. Бәрін дұрыстау үшін Өмір бізге тағы да бір мүмкіндік береді. Егер қателесіп тұрсам және осы күн ғана өмірім қалса, онда мен саған өзімнің қалай қатты жақсы көретінімді, ешқашан жадымнан шығармайтынымды айтқым келеді.
Еңбектеген бала да, еңгейген шал да ертеңгі күннің атар-атпасын білмек емес. Бүгін өзің жақсы көретін адамдарды соңғы рет көріп тұрған болуың мүмкін. Ендеше, еш нәрсені күтпе. Бәрін қазір жаса. Әйтпеген жағдайда, осы күн дәм-тұзың таусылар болса, онда сен бір күлкіге орын табылмаған күндер үшін... Бір-ақ мәрте құшақтау мүмкіндігі үшін... Бір ғана сүйіске орын табылмаған сәттер үшін өкінетін боласың. Иә, соңғы тілекті орындауға қолың мүлдем тимеді деп санауға болады...
Өзіңе жақын адамдарға әрдайым қолдау көрсетіп, жақсы көретініңді үнемі сыбырлап айтып, әрқайсысын аялап ұстауға тырыс. «Кешірші», «Өтінем», «Ренжімеші», «Рақмет» секілді сөздерді айтуға бос уақыт тап. Мұның бәрі сен білетін махаббат сөздері. Сені ешкім де ойың үшін есте сақтамайды.... Сені ешкім де ойың үшін есте сақтамайды... Сені ешкім де ойың үшін есте сақтамайды...
сурет:ei1a.livejournal.com
Хатты аударған: Фараби Арыстанбек