Ғабит Мүсіреповтің ой-толғамдары

Халқымыз артына асыл сөз қалдырған ақын-жазушыларға кенде емес. Абайдың "Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған" дегенін барша жұртшылық жақсы біледі. Данышпанның осы сөзі біздің ақын-жазушыларымызға тікелей қатысты. Қазақтың сөз өнеріне өзіндік мол үлесін қосқан классик жазушыларымыздың бірі һәм бірегейі – Ғабит Мүсірепов. Ендеше, жазушының ой-толғамдарына кезек берейік.

***

Үлкен бақытсыздықты, иə болмаса үлкен апатты көтеруден гөрі, ұсақ жəбір, күл көрне, əділетсіздікті көтеру қиын.

***

Адамның жүзі сұрланып кететін, қызарып кететін, қоңырайып кететін, бозарып кететін, жадырап кететін кездері болады. Осының себебі неде, көңіл құбылысында, ойлау өзгерісінде.

***

Əке-шешенің өтірігі бала жүрегін суындыра береді. Бір кезде сол өтірікті бала да айтады.

***

Уақыт əлдененің ескіргенін, əлдененің піскенін айта отырады.

***

Дүниеде ең қорлықта, зорлықта аяққа басылып келе жатқан нағыз қымбаттымыз -ар-ұят, əділет, шындық, сұлулық.

***

Ақылды адамға ең ауыр жаза – мақтай беру, мақтай беру.

 ***

Жастықтың бойынан парықсыз паңдық емес, өз өнерінің күшіне сенер мығымдық тапқан қандай жақсы.

***

Қорқақтық, ездік, аяншақтық, көнбістік — құлдықтың ең жаман түрі.