- Негізгі бет
- Көкжиек
- Ғабит Мүсіреповтің ...
Ғабит Мүсіреповтің ой-толғамдары
Халқымыз артына асыл сөз қалдырған ақын-жазушыларға кенде емес. Абайдың "Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған" дегенін барша жұртшылық жақсы біледі. Данышпанның осы сөзі біздің ақын-жазушыларымызға тікелей қатысты. Қазақтың сөз өнеріне өзіндік мол үлесін қосқан классик жазушыларымыздың бірі һәм бірегейі – Ғабит Мүсірепов. Ендеше, жазушының ой-толғамдарына кезек берейік.
***
Үлкен бақытсыздықты, иə болмаса үлкен апатты көтеруден гөрі, ұсақ жəбір, күл көрне, əділетсіздікті көтеру қиын.
***
Адамның жүзі сұрланып кететін, қызарып кететін, қоңырайып кететін, бозарып кететін, жадырап кететін кездері болады. Осының себебі неде, көңіл құбылысында, ойлау өзгерісінде.
***
Əке-шешенің өтірігі бала жүрегін суындыра береді. Бір кезде сол өтірікті бала да айтады.
***
Уақыт əлдененің ескіргенін, əлдененің піскенін айта отырады.
***
Дүниеде ең қорлықта, зорлықта аяққа басылып келе жатқан нағыз қымбаттымыз -ар-ұят, əділет, шындық, сұлулық.
***
Ақылды адамға ең ауыр жаза – мақтай беру, мақтай беру.
***
Жастықтың бойынан парықсыз паңдық емес, өз өнерінің күшіне сенер мығымдық тапқан қандай жақсы.
***
Қорқақтық, ездік, аяншақтық, көнбістік — құлдықтың ең жаман түрі.
Ж. Жұмағұлов