Евгений Евтушенко 80 жасқа толды

Ресейдің аса дарынды, бір ғасырда бір туар талант иесі, ақын Евгений Евтушенко өзінің мерейтойын атап өтуде. 1960 жылдардан бастап, өзіндік ерекше жыр жолдарымен көзге түсе бастаған талантты ақынның өлеңдерін бүгінгі таңда кез келген орыс жұрты жатқа біледі. 

Евгений Евтушенко қазір АҚШ-та өмір сүреді. Ол 1990 жылдардың басында Америкаға орыс әдебиетінен дәріс оқу (Оклахома штатындағы Талса университеті) үшін кеткен болатын.

Естеріңізге салсақ, Евгений Евтушенко 1932 жылдың 18 шілдесінде Ресейде дүниеге келген. 1952-1957 жылдары  М. Горький атындағы әдебиет институтында дәріс алған. Ең бірінші өлеңі 1949 жылы "Советский спорт" газетінде жарияланған. 

1952 жылы "Разведчики грядущего" атпен ең алғашқы жыр жинағы шыққан. Сол жылы-ақ КСРО-ның Жазушылар Одағының мүшесі атанған. Жас ақынды  "Бабий Яр" (1961 жыл), "Есенинге хат" (1965 жыл), "Прагамен танктер кетіп барады" (1968 жыл) секілді өлең-жырлары танымал қылған.

writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/PlLvtwGpqog?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"256"});

Сурет:archive.pnzreg.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт