"Киелі түндердің дұғасы", "Хауас", "Ғаусар", "Үміт жырлары", "Энтелехия" кітаптарының авторы, Дарын Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері, белгілі ақын Ерлан Жүністің "Арманшыл таңның бұлттары" атты жаңа кітабы жарық көрді. Сонымен бірге жазушы Есболат Айдабосынның "Сүлікқара" кітабы шықты.
Е.Жүністің жаңа кітабынан кейінгі екі жылда жазылған өлеңдері мен толғауларын, бауырлас түрік халықтары шайырларынан жасаған аудармаларын оқи аласыздар.
Айта кетейік, қос қаламгердің су жаңа кітаптарының тұсаукесері 16 маусым күні сағат 17:00-де Алматыдағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер мен балалар кітапханасында (Фурманов көшесі, 43-үй) өтеді. Қапы қалмаңыздар!