Эрих Мария Ремарктың қанатты сөздері

Эрих Мария Ремарк – 1898 жылы Германияның Оснабрюк қаласында дүниеге келген XX ғасырдағы белгілі һәм оқылымды неміс жазушыларының бірі. Гиманзияда оқып жүрген кезде әскерге шақырылып, соғысқа қатысқан.

Ол өзінің жазушылық жолын "Батыс майданда өзгеріс жоқ" романымен бастады. Аталған романын бір деммен 6 аптаның ішінде жазып бітірген. Жазушы оны жарты жылға жуық ешкімге көрсетпей қолжазба күйінде сақтап жүрді. Бұл оның жазушылық жолы мен тағдырын анықтап берген романдарының бірі еді... Сұм соғыс пен қатал тағдырдың талқысына түскен майдангер жазушының қанатты сөздерін оқып, қанаттаныңыз! 

***

Ең ғажап қала — ол адамның бақытты болған жері. 

***

Адамдардан немесе әртүрлі жағдаяттан қашып құтылуың мүмкін. Бірақ өз ойларың мен сезімдеріңнен ешқашан қашып құтыла алмайсың. 

***

Дүниедегі ең жаман ауру – ойлай беру әдеті. Бұл бейдауа дерт. 

***

Сенікі сенен кетпейді. 

***

Егер еңсеңіз түсіп, өмірден түңілсеңіз, маған, ауруханаға келіңіз. Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар бөлімін бір рет аралап шығу сізді кез келген уайымнан арылтады. 

***

Ешкімге қажет емеспін деп ойлайтындар негізінде бәріне қымбат жандар.

***

Кешірім сұрау – сенің кінәлі екенінді білдірмейді. Әдетте кешірімді қарым-қатынасты үзгісі келмейтіндер сұрайды.

***

Өзіңдікін тапқанда, өзгеге қарағың да келмейді.