Мұндағы шығармалардың барлығы «ең қысқа» болғандықтан, түсінуге қиындық тудырары даусыз. Дегенмен, оқырман қауым, әр әңгіме, әр сөйлем бойынша өз түсінігіңізді тартынбастан ортаға салып көріңіз.
Қазіргі ең қысқа әңгіме: (Бұл Англияда шығатын «Бүгіннің айнасы» атты газеттің «Үш сөздік әңгіме» жарысында бас жүлдені жеңіп алған шығарма)
Ағылшын тілінде: God is dying (Тәңір өлейін деді)
Ең қысқа өтірік әңгіме:
Көшеде кетіп бара жатқан бөлке нан қарны ашқандай сезініп, өзін жеп қойыпты.
Ең қысқа философиялық әңгіме:
Ол өлді. Кезінде өмір сүргені хақ.
Ең қысқа үрейлі әңгіме:
Шошып оянған ол жанында өз мүрдесінің жатқанын көрді.
Ең қысқа мысал әңгіме:
Құмырсқа зорығып өлді. Құмырсқа патшасы әлі семіз.
Ең қысқа фантастикалық әңгіме:
Әлемдегі ең соңғы адам үйде отыр еді, кенет, есік қағылды.
Ең қысқа шабыттандыру әңгімесі:
Әлгі аяғы шіріген ит ақыры Америка президенті болды.
Ең қысқа ықпалды махаббат хикаясы:
Тақырыбы: «Күн сайын мені арбап, бала тауып, оның үйленуіне дейін борышты боп өзіңнің ана кәрі шешең сияқты әйелге айналдырамын деме!»
Шығарманың толық мәтіні: Шарт!.. (шапалақ дауысы, түсінікті)
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: lifedonbass.com