Ең қымбат бес кітап

Артық ғылым кітапта,

Ерінбе оқып көруге

Абай

Әлемдегі ең қымбат, ең оқылымды бес кітапты ұсынамыз. 

Авторы – Мао Цзэдун

"Мао Цзэдунның үзінділері" деп аталатын кітап батыста "Қызыл кітап" атымен танымал. 1966 жылы Қытайда шыққан кітап саясаткердің қысқаша сөздерінен құралған. Кітаптың орасан танымалдылығын кейбіреулер Қытай халқының санымен түсіндіреді. 

   

Авторы – Дж. Р. Р. Толкин

"Жүзік әміршісі" трилогиясының үш бөлімі де дәстүрлі түрде үлкен бір кітапта басылып жүр. Соңғы мәлімет бойынша, кітап таралымы 100 млн экземплярды құрайды. Әлем бойынша, бұл кітап XX ғасырда жарық көрген фэнтези жанрындағы ең үздік кітап болып танылған.

  1955 жылдың 27 тамызында көптеген ақпарат топтастырылған 198 беттік алғашқы "Гиннестің рекордтар кітабы" жарық көреді. Содан бері ең танымал анықтамалық жыл сайын жаңарып, әлемнің түкпір-түкпірі таласып оқитын кітапқа айналды.   

Авторы – Антуан де Сент-Экзюпери

"Кішкентай ханзада" ("Le Petit Prince") кітабы алғаш рет 1946 жылы Нью-Йоркте басылып шығып, бүгінгі күнге дейін 265 тілге аударылған, сатылымы 145 миллион данаға дейін жеткен. Биыл кітаптың 70 жылдығы әлемнің әр түкпірінде тойлануда. Жақында Алматыда "Атамұра" корпорациясы мен француз Альянсы бірігіп, кітаптың тұсаукесерін өткізген еді.

   

Авторы – Дэн Браун

"Да Винчидің коды" романы шыққан бойда, әлемдік бестселлерге айналды. Бірнеше жылдың ішінде тиражы 81 миллионнан астам экземплярды құрады. Кітап интеллектуалдық-детективті жанрда жазылған. Осы жанрда одан кейін қанша кітап жазылса да, бұндай танымалдылыққа ие бола алған жоқ.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: publy.ru, masterfile.com