- Негізгі бет
- Көкжиек
- Ең бағалы алқа...
Ең бағалы алқа
Алқа-моншақ сататын дүкеннің қожайыны терезеден сыртқа марғау қарап отыр. Кішкентай қыз кіріп келді. Ол дүкен әйнегіне бетін төсей көк жақұтты алқаға бар назарымен қарап тұрды.
- Мына алқаны әпкеме алып берейін деп едім. Жақсылап қораптап бересіз бе? – деді кішкентай қыз. Ол қалтасынан түйіншектелген бір шытты алып шығып, ептеп шешіп, дүкен иесінің алдына қойды, - мынау жете ме? – деді.
Оның қолында тек бірнеше металл теңге ғана бер еді.
- Бүгін әпкемнің туған күні, мен бұл алқаны оған сыйласам деймін. Шешем көз жұмғаннан бері ол мен шешемдей мәпелеп, бағып келеді. Бұл алқаны оның жақсы көретінін әбден білем. Өйткені, алқаның реңі әпкемнің көзінен аумайды екен, - деді. Дүкен қожайыны әлгі алқаны қызға қораптап берді. Кішкентай қыз сыйлығын алды да, үйіне қарай жүгіре жөнелді. Жұмыс аяқтала бере, қос жанарды көк теңіздей бір ару қыз келді.
- Мынау алқа осы жерден сатылып алынған ба? Бағасы қанша? – деп сұрады.
- Дүкенімізде сатылған заттардың бағасы құпия ұсталады, - деді дүкен қожайыны.
- Сіңілімде тек бірнеше металл теңге ғана бар. Ол мұны сатып ала алмайды. – деді бойжеткен. Дүкен қожайыны қорапты қайтадан лентамен буып, бойжеткеннің қолына ұстатты.
- Сіңілің елде жоқ баға берді. Ол өзінде бардың бәрін арнады -деді.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: niutuku.com
M. Auelkhan